CУ ЖАҢА HIGHLANDER
• Автокөліктің жаңа буынында инженерлер мінсіз жеті орынды толық өлшемді кроссоверді жасай алды.
• Жаһандық TNGA архитектурасына көшу көлік жүргізу ыңғайлылы мен басқарылымдықтан бастап қауіпсіздік пен шуды оқшаулауға дейін барлық негізгі сипаттамаларды жақсартуға мүмкіндік берді.
• Жаңа Highlander-дің сыртауқымдары ұлғайып, қаталдық пен әсемдікті тиімді үйлестіретін жаңа көрініс тапты.
• Toyota RAV4-тен кейін жаңа Highlander артқы осьте екі электрмагнитті муфтасы бар Dynamic Torque Vectoring AWD инновациялық толық жетек жүйесімен, сонымен қатар Multi Terrain Select қозғалу режимдерін таңдау жүйесімен жабдықталады.
• Автокөлік жабдықтары жарықдиодты алдыңғы және артқы оптика, электржетекті панорамалық төбе, Apple CarPlay және Android Auto қолдайтын мультимедиялық жүйе, 11 динамикті JBL аудиожүйесі, проекциялық дисплей, «Қысқы жайлылық» толық пакеті және т.б. қоса алғанда көптеген заманауи және технологиялық опциялармен толықтырылды.
• Тәуелсіз сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпсіз автокөліктердің бірі ретінде танылған Toyota Highlander-дің белсенді қауіпсіздігіне жаңа буында Toyota Safety Sense жауап береді.
• Қазақстанда сегмент үшін бірегей атмосфералық V6 қозғалтқышы және тиімді сегіз сатылы автоматтық трансмиссиясы бар толық өлшемді кроссовер қолжетімді болады.
Төртінші буынды су жаңа Toyota Highlander Қазақстанда 2020 жылғы маусым айының бірінші жартысында пайда болады.
Toyota RAV4-тен кейін толық өлшемді Toyota Highlander кроссоверінің жаңа буыны сегмент үшін бірегей Dynamic Torque Vectoring AWD толық жетек жүйесімен жабдықталады. Инновациялық жүйе маневрлілік пен басқарылымдықтың айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз ете отырып және артқы дөңгелекаралық дифференциалдың блокталуын имитациялап, артқы осьтегі дөңгелектер арасындағы айналу сәтін тиімді бөлуге мүмкіндік береді. AIM белсенді басқару жүйесімен бірге жұмыс жасай отырып, төрт жетек қолайсыз ауа райы жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал Multi Terrain Select жүргізу режимдерін таңдау жүйесі жолсыз жерде жаңа Highlander-дің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтеді.
Кроссовер Қазақстан нарығында сегмент үшін бірегей газ тарату фазаларын өзгертудің алдыңғы қатарлы жүйесі бар көлемі 3,5 л V6 атмосфералық қозғалтқышымен және берілістердің жұмсақ және жылдам ауыстырылуын қамтамасыз ететін бейімді жұмыс логикасы бар тиімділігі жоғары сегіз сатылы автоматтық трансмиссиямен бірге қолжетімді болады. Таңдау үшін екі жинақтама қолжетімді болады: «Престиж» және «Люкс».
Жаңа Highlander-ге тапсырыс алына бастады. Бағасы сатылым басталатын уақытқа таман белгілі болады. Қосымша кеңес алу үшін Toyota компаниясының ресми дилерлеріне хабарласуға немесе www.toyota.kz ресми сайтында сұраныс қалдыруға болады.