Брендтің көптеген акциясы экологияны қорғауға, қала климатын сауықтыруға бағытталған. Toyota Motor Corporation қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты қабылдаған алғашқы жаһандық компаниялардың бірі болды — Toyota Kazakhstan қалыптасқан дәстүрді жалғастырып жатыр.
Жыл сайын «Toyota Жасыл Ай» экологиялық акциясы өтеді — компания қызметкерлері Toyota және Lexus дилер орталықтарындағы әріптестерімен бірлесе отырып, қала экожүйесін жақсарту мақсатында ағаш отырғызады. Қатысушылар бұл процеске зор жауапкершілікпен қарайды, туған қаласына деген сүйіспеншілік, ортақ іске өз үлесін қосуға деген ұмтылыс — бұл команданы да ынталандырады.