Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды.
• 2020 жылы «Тойота Мотор Қазақстан» 2004 жылдан бері Toyota Motor Corporation жыл сайын өткізіп келе жатқан жаһандық байқауға алғаш рет қатысты.
• Қатысушылардың жұмыстары брендтің дилерлік орталықтарында (Қазақстанда және Қырғызстанда) 2020 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін қабылданды.
• Қазылар алқасы әртүрлі жас санатындағы балалардың 515 суретін қарады. Әр жұмыс назар аударуға тұрарлық, бірақ жүлделер саны шектеулі.
• 21 қаңтарда қазылар алқасы үш жас санатында тоғыз үздік жұмысты таңдады Бұл суреттер байқаудың әлемдік кезеңіне қатысу үшін Жапонияға жіберіледі.
Toyota мұндай жобалар ұлы армандаушылардың, өнертапқыштар мен ойшылдардың жаңа буынының шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетініне сенімді. Болашақты балалар жасайды.
Байқаудың ұлттық кезеңінің жеңімпаздары
Қазылар алқасының құрамына Марат Бекеев, Жәнел Жұбанова және Айжұлдыз Адайбекова кірді — суретшілер әр жас санаты үшін жүлделі орындарды белгіледі. Сарапшылар ең қызықты және әсерлі суреттерді таңдап, оларды үш басты іріктеу критерийі бойынша бағалады: болашақ мобильділік туралы бірегей және инновациялық көзқарас, жас суретшінің идеяны бейнелеу қабілеті, сондай-ақ қатысушылардың композициямен, түспен және сурет салу техникасымен жұмыс істеуі. Жеңімпаздардың суреттерін Жапонияда бағалайтын болады, онда дәстүрлі түрде TOYOTA көркемдік байқауының жаһандық кезеңі өтеді.