Жаңа бағдарды әзірлеу
2018 жылдың екінші жартысында Тойота Мотор Қазақстан өзінің маңызды мақсатын белгіледі – жеткізу уақытын оңтайландыру және клиенттер үшін автокөліктердің келуін күту уақытын қысқарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін компания автокөліктерді Қазақстанға жеткізудің балама нұсқаларын қарастырды. Жеткізудің ықтимал жолдарын мұқият зерделеу нәтижесінде Toyota ҚХР аумағы арқылы өтетін Жаңа Жібек жолы деп аталатын көлік жүйесін таңдады. Бұл бағдар компанияның мақсаттары мен болжалдарына толығымен сәйкес келеді.
Тойота Моторс Қазақстан таңдалған бағыт бойынша транзиттің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеп шығып, 2020 жылдың басында жаңа жолмен автокөліктерді жеткізуді байқап көрді. Транзиттің барлық кезеңдері мен процестерінің сенімді және тиімді екеніне және автокөліктердің келу уақытын айтарлықтай үнемдейтініне көз жеткізгеннен кейін, компания жобаны 2021 жылдың басында ресми түрде іске қосты.
Жаңа бағыт бойынша жеткізу процесінде автокөліктер Жапониядан жөнелтіледі және теңіз арқылы ҚХР-дағы портқа келеді. Бұдан әрі автокөліктер оларды ҚР аумағындағы межелі жерге дейін темір жолмен тасымалдауға арналған мамандандырылған вагондарға тиелетін болады.
Оңтайландырылған жол
Жаңа Жібек жолымен Lexus брендінің барлық автокөліктері, Toyota Land Cruiser 200 және Toyota Land Cruiser Prado модельдері келетін болады . Сонымен қатар Компания жеткізу мерзімін қысқарту үшін басқа модельдердің транзитін оңтайландыруды жоспарлап отыр.
«Тойота Мотор Қазақстан» сату және маркетинг басқармасының бас менеджері Сергей Зяблов: «Бұл бағдар міндетті түрде біздің клиенттеріміз үшін жағымды өзгерістердің басталуын білдіреді. Жобаны іске асыру оңайға соқпады, көптеген логистикалық есептер мен тестер талап етілді, олар арқылы біз осы бағдардың артықшылықтарын анықтадық. Toyota компаниясы үшін сапа маңызды көрсеткіш болып табылады, сондықтан бағдардың барлық нүктелеріндегі операциялардың сапасын тексеруді Тойота Мотор Корпорэйшн инженерлері жүргізді. Бағдардың барлық жерлерінде дамыған инфрақұрылым болып, Қазақстан және Қытай тарапынан белсенді қатысушылық болғандықтан, осындай көлемді жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асыру қолымыздан келді. Toyota жобаға қатысқан барлық серіктестеріне, сондай-ақ осыны арнап құрған клиенттерімізге алғыс білдіреді», – деп мәлімдеді.