Токиодағы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Ұлттық Олимпиадалық комитетке 5 автокөлік табыстады. Hiace микроавтобустарының 4 бірлігі мен Hilux пикапының 1 бірлігін табыстау рәсімі 2021 жылдың ақпанында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада құрамасы аталмыш автокөліктерді спортшылардың күнделікті жаттығулары мен басқа да қажеттіліктері үшін пайдаланады.