Связаться

Су жаңа RAV4 Қазақстанда

Сенің тыныштығыңды бұзушы

Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ.

Еліктіретін экстерьер

Экстерьер дизайны естен тандырады. RAV4-тің жарқын әрі мықты келбеті марканың көптің көңілінен шыққан жол талғамайтын көліктерін еске түсіреді, десе де көлік ерекше сәнімен баурап алады. Мықты тіреуі мен ұзартылған дөңгелек базасының арқасында, ол жолда агрессивті көрінеді. Аса анық емес қанаттары мен үшкір қыртыстары қатал кескінін айқындайды. Бірақ жаңа RAV4 жәй ғана көркем келбетпен шектелмейді. Жол талғамайтын көліктің мінезі, қажет болғанда, бұлшық еттерді ойнатуға мүмкіндік береді.

Жол талғамайтын көліктің мінезі

RAV4 пайда болған сәтінен бері алғаш рет толыққанды жол талғамайтын көліктерге тән бірқатар жүйелерді иеленді. Ол өзін асфальтта да, жолсыз жерде де сенімді сезінеді.

– Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің табынушыларына жақсы таныс Multi Terrain Select жүйесі жол төсемінің типін ескере отырып, қозғалтқыш жұмысының барынша оңтайлы алгоритмін таңдауға көмектеседі.

Селектор алдын ала орнатылған үш режимді ұсынады:

● Normal – әдеттегі жол;
● Mud and Sand – сұйық балшық пен құм;
● Rock and Dirt – тас және топырақ.

– Dynamic Torque Vectoring AWD толық жетек жүйесі бұрылыстан өту барысында дөңгелектердің тығылып қалу қаупін төмендетіп, автокөліктің басқарылуын жақсартады.

– Толық жетекті белсенді басқарудың кіріктірілген жүйесі қозғалтқыштың, трансмиссия мен рөлді электрлі күшейткіштің тәртіпке салынған жұмысына жауап береді, бұл жақсы басқарылу мен жүргізуден алатын ерекше әсерді қамтамасыз етеді.

Қозғалтқыштардың жаңа топтамасы

Бесінші буындағы кроссовер Dynamic Force сериясындағы 200 ат күшін беретін 2.0 литрлік және 200 арғымақтың күшіне ие 2.5 литрлік жаңа бензинді қозғалтқыштармен жабдықталады.

– Алғашқысы механикалық бірінші және артқы берілістерге ие вариатормен жұптаса жұмыс істейді. Мұндай шешімнің арқасында қозғала бастаған кезде, динамика жақсарады.

– Екіншісі гидротрансформаторды бұғаттау диапазоны кеңейтілген сегіз сатылы автоматпен үйлеседі.

TNGA жаһандық архитектурасы

RAV4-тің бесінші буыны TNGA (Toyota New Global Architecture) инновациялық модульді платформасына негізделеді. TNGA автокөліктің барлық негізгі сипаттамаларын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Автокөлік анағұрлым төмен ауырлық ортасы мен күшейтілген шанаққа ие болды, бұл оның динамикалық сипаттамалары мен басқарылуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Жетілдірілген аспа анағұрлым жұмсақ, бірқалыпты қозғалысқа, шуыл деңгейінің кәдімгідей төмендеуіне және жайлылықтың жоғарғы деңгейіне кепілдік береді.

Бес жұлдызды қауіпсіздік рейтингі

Су жаңа RAV4 беделді еуропалық Euro NCAP комитетінің краш сынақтарынан өтіп, белсенді және енжар қауіпсіздіктің бес жұлдызды рейтингіне лайық деп танылды.

Одан бөлек, RAV4 бірқатар қозғалыс жүйелері мен көмекшілерінен тұратын белсенді қауіпсіздік жүйесі – Toyota Safety Sense пакетінің соңғы нұсқасымен жабдықталған. Оның қатарында:

● динамикалық радарлы круиз-бақылау (DRCC);
● автоматты тежелуі бар соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS);
● таңдалған қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі (LTA);
● алысқа түсетін жарықты жақынға түсетін жарыққа автоматты түрде ауыстыру жүйесі (AHB);
● жүргізушінің шаршаңқылық деңгейін бақылау функциясы бар.

Су жаңа, жарқын, ер мінезді, кез келген жол төсеміне арналған.

Енді қазақстанда.