Toyota және Lexus дилер орталықтарының қызметкерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының финалы 19 қыркүйекте өтті. Компания Қазақстан мен Қырғызстан мамандарын шеберлікті шыңдауға ынталандыра отырып, осы байқауды үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Жүлделі орындар үшін жарыс «Тойота Мотор Қазақстан» оқу орталығында басталды.
Тоғыз үздік: кәсіби шеберлік байқауы 2019 өз мәресіне жетті
Мұндай байқауларды өткізу дәстүрге айналып үлгерді. Бұл күні өз ісінің нағыз білгірлері өз санатындағы ең үздік маман атағы үшін — ең жоғары білікті кәсіби маман атағы үшін күресуге келді. Үш санат бойынша аталым қарастырылған: автомеханиктер, сервистік кеңесшілер және сату жөніндегі кеңесшілер.
«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс құттықтау сөз сөйлеп, байқауды старттық тапаншамен ашты. Қатысушылар 18 түрлі конкурстық тапсырманы орындауы керек болды. Автомеханиктер клиенттерге қызмет көрсету шеберлігін және автокөлік жөндеу кәсібилігін көрсетті. Сервистік кеңесшілер сервиске автокөліктерді қабылдаудың нақты сценарилерін пысықтады. Сату жөніндегі кеңесшілер клиенттермен қарым-қатынас жасау шеберлігінде жарысып, жаңа модельдерді таныстырды.
Барлық конкурстық тапсырма қатаң уақыт шектеуімен орындалды, ал төрешілер алқасы Toyota және Lexus брендтерінің ең жоғары стандарттарының сақталуын мұқият қадағалады. Әр өңірден дилер орталықтарының өкілдері қатысушыларды қолдауға келді, жарысқа түскендер өз дарынын, қабілетін және ерекше шыдамдылығын толық көрсете алды.
Оқ бойы озып шыққан тоғызы жеңіс мінберінен көрінді. Олар бағалы сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың дилер орталықтары — үш санат бойынша ауыспалы чемпиондық кубоктармен марапатталды. Чемпиондар 2020 жылы Токиоға жыл сайынғы Toyota Motor Corporation Ұлттық конкурстар чемпиондары ассамблеясына аттанады. Ал олардың есімі Toyota әлем чемпиондарының құрмет тақтасына жазылады.
Автомеханиктер:
• Бірінші орын — Геннадий Капустин — Жетісу Тойота Орталығы;
• Екінші орын — Герман Гросс — Лексус Алматы;
• Үшінші орын — Абылай Калкенов — Астана Тойота Орталығы.
Сервистік кеңесшілер:
• Бірінші орын — Евгений Держевицкий — Лексус Алматы;
• Екінші орын — Алексей Сутулов — Бішкек Тойота Орталығы;
• Үшінші орын — Сүйіндік Мәдиев — Астана Тойота Орталығы.
Сатушы-кеңесшілер:
• Бірінші орын — Мария Постырнак — Павлодар Тойота Орталығы;
• Екінші орын — Мейірлан Әбдірахманов — Орал Тойота Орталығы;
• Үшінші орын — Рустам Әубәкіров — Бішкек Тойота Орталығы.
«Байқау аяқталды, бірақ шеберлік шыңына апаратын жол жалғасады. Клиенттерге деген қамқорлық, олардың қызмет сапасына қанағаттануы — біздің басты мақсатымыз. Біз дилер орталығы мамандары жұмысының барлық аспектісін үздіксіз жақсартып отыруға тырысамыз. Мамандардың бойындағы дағды осылай жетіліп, өз кәсібіне деген мақтаныш туады...», — деп атап өтті Кит Мэтью Симмонс.