Toyota мен Lexus дилер орталықтары қызметкерлері арасындағы жыл сайынғы жарыс — «Тойота Мотор Қазақстан» жаһандық стратегиясының бөлігі. Компания жоспарлы түрде сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға, мамандардың білігін шыңдауға, оларды өз жұмысында ең үздік нәтижелерге жетуге шабыттандыруға ниетті. Осымен екінші байқаудың финалы 20 қыркүйекте өтті.
Бастаманың алғашқы қадамы сәтті болып, дәстүрге айналып жатыр: 2018 жылы қатысуға өтініш білдірген дилерлер саны айтарлықтай өсті — қатаң іріктеу кезеңін өткізуге тура келді. Нәтижесінде байқау финалына Қазақстан мен Қырғызстанның ең мықты деген кәсіби мамандары өтті — олар чемпиондық титул үшін бақ сынауға жиналды.