2018 ЖЫЛЫ САТЫЛДЫ
"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының деректері бойынша, 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстанда 14 032 автокөлік сатылып,Toyota және Lexus маркалары керемет нәтиже көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (10 678) 32 %-ға жоғары және соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Жалпы соңғы декадада екі елде ресми дилерлік желі арқылы 35 040 автокөлік сатылған. Бұл ретте сатылымның басым бөлігі 4 845 данасы (43 %) сатылған Camry-дің үлесінде.
Оған қоса, Toyota мен Lexus-тың ресми желісіндегі жоғары стандарттар бойынша сапалы қызмет көрсетудің пайдасына тұрақты тренд байқалды. 2018 жылы дилерлік орталықтарда 140 000-нан аса автокөліктерге қызмет көрсетіліп, қосалқы бөлшектердің сатылымы 21%-ға артқан.
Біріншіден, бұл сервистік қызметтің сапасына байланысты, себебі барлық қызметкерлер өз біліктерін үздіксіз жетілдіреді. Мысалы, 2018 жылы 400-ден аса қызметкер 2017 жылы ресми түрде ашылған "Тойота Мотор Қазақстан" оқу орталығында білімін жетілдірген. Екіншіден, қоймада 25 мыңнан аса қажетті қосалқы бөлшектер мен компоненттер бар болғандықтан, қызмет көрсету көп жағдайда жылдам іске асады..
2018 жылы Lexus бренді аймақтардағы өз клиенттеріне жақын бола түсті, себебі компания Тойота дилерлік орталықтарының негізінде брендтің жоғары стандарттарына сай сервистік қызметтерді алуға болатын бес жаңа уәкілетті дилерлік орталығын ашты. Сонымен қатар, орталықтар Lexus-тың ресми дилерлерінен сатып алуға болатын жаңа автокөліктерді беретін орын қызметін де атқарады.
"Тойота Мотор Қазақстан" үздіксіз жетілу және сервисті жақсарту мақсатында клиенттердің қанағаттану деңгейін үнемі бағалайды. Өткен жылы сауалнама нәтижесінде, сұралған Toyota 14 286 иелерінің 91%-ы және 2 273 Lexus иелерінің 90 %-ы бұл марканы алуға достарына кеңес беретіндерін айтқан.
"Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Симмонс клиенттердің Toyota және Lexus көліктеріне деген ерекше қарым-қатынасына ие болу осыншама күш жұмсаудың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.