TOYOTA МЕН ҰОК ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА 2018

ШАРАСЫНА 100 КҮН ҚАЛҒАНДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

1 қарашада Toyota мен Ұлттық олимпиадалық комитет Астанадағы "Алау" Мұз сарайында жаппай коньки теуіп, мерекелеу арқылы 2018 жылы Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада Ойындарының басталуына дейін кері санауды бастады.

Аренаның мұз айдынында расымен де ыстық болды – мұнда нағыз олимпиадалық атмосфера орнады.

Пхенчханда өнер көрсететін біздің спортшыларды қолдауға мыңдаған адам келді. Олимпиадалық бауырластықтың рухы мұз сарайының шаңырағының астына жастар, отбасылар, жеткіншектер, зейнеткерлерді жинады. Мұнда олар отандық спорт мақтаныштары – халықаралық жазғы және қысқы сайыстарда Қазақстан туының астында өнер көрсетіп, медаль алған атлеттерді қарсы алды. Олар Серік Сәпиев, Василий Левит, Гузель Манюрова, Денис Кузин, Бақтияр Артаев және Арман Чилманов. Олардың барлығы бүкіл елдің үмітін ақтаған нағыз батырлар. Тағы бір қазақстандық спортшы – мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен өзі келе алмағанымен, қазақстандықтарға арнап видео жазыпты.

Келе жатқан Ойындардың кері санағын олимпиада рухында – спорттық ойын-сауық шараларымен атап өтті. Жас спортшылар, нақтырақ айтсақ, болашақ олимпиадашылар кештің ерекше қатысушылары болды. Талантты балалар мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетті. Ал кішкентай хоккейшілер мұз айдынында спорттың жазғы түрімен айналысатын спортшыларға шеберлік класын өткізді. Сонымен қатар, мұз алаңында кіші және үлкен топтағы қалағандардың барлығына хоккейден жаттығу өтті.

Ойын-сауықтық бағдарламада мұз алаңында спортшылардың қатысуымен және қонақтарға арналған бағалы сыйлықтары бар көптеген конкурстар өткізілді. Мерекенің қонақтарына Пхенчханда өтетін келе жатқан Қысқы Ойындардың ресми символдары таныстырылды: Олимпиаданың бойтұмары – Кореяда жануарлардың қасиетті қорғаушысы саналатын Сухоранг есімді ақ жолбарыс. Паралимпиаданың бойтұмары – ерік-жігер мен батылдықтың символы болып табылатын гималайлық аю Бандаби.

Қазақстанда Toyota мен ҰОК-нің қазақстандықтардың спорттық рухын күшейту және олимпиадалық құндылықтарды насихаттаумен айналысып жатқанын айта кеткен жөн. Олардың ең негізгілері – бұл кемелдікке ұмтылу, өзара сыйластық пен берік достық. Әлбетте, шараға қатысушылар келуімен, қолдауымен және ұйымшылдығымен осы құндылықтардың көрнекті мысалы бола білді.