1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Toyota paralimpic 2017
Байланысу

TOYOTA МЕН ҰПК: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы мен ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті серіктестік туралы келісімге қол қойды. Атақты автомобиль бренді мен ҰПК паралимпиадашыларға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесе отырып, елде паралимпиадалық спортты бірлесіп дамытады.

Компания қазақстандық жұртшылық алынбас қамалдай көрінген кедергілерге қарсы шыққан спортшылардың шабыттандырар оқиғаларын білуі үшін паралимпиадалық қозғалысты дамытуға байланысты ауқымды ақпараттық жобаларға белсенді қатысуға ниетті. Бұл — әрекеті қандай кедергінің де алынбас қамал емес екенін дәлелдейтін және өзіңе сенуге талпындыратын мықты адамдардың оқиғалары.

«Тойота Мотор Қазақстан» серіктестік аясында автопаркті жыл сайын жаңарта отырып, ҰПК қажеттіліктері үшін автокөліктер ұсыну міндетін өз мойнына алды.

Серіктестер қазақстандық паралимпиадалық құраманың брендін 2018 жылы Пхенчханда өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарында, 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Паралимпиада ойындарында және 2024 жылға дейінгі халықаралық деңгейдегі басқа да спорт жарыстарында дамытады.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс: «Біз әркімнің де тең мүмкіндіктері болатын қоғам құруға өз үлесімізді қосуға тырысып жатырмыз. Біз жалпыға бірдей ұтқырлық әр адам арманына жетуге көмектескенін қалаймыз. Спорт адамдарға үміт пен мақсат сыйлайды, ешқашан берілмеуге шақырады — біріктіреді. Паралимпиадашылар күн сайын батылдық танытып, алынбас қамал жоғын дәлелдейді!

Паралимпиадалық қозғалыс — спортты қоғамдық санамен байланыстыратын көпір — ол теңдік тудырып, стереотиптерді бұзады. ҰПК-мен серіктестік бізді жаңа жетістіктерге және қоғамның дамуына елеулі үлес қосуға жетелейтініне нық сенімдіміз…»

ҰПК президенті Қайрат Боранбаев қазақстандық спортты қолдаудың маңызын атап өтті: «Біз паралимпиадалық спортты бірлесіп дамыту мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымыз. Toyota құндылықтары мен паралимпиадалық құндылықтар үндес — үздік әлем құру. Спорттың міндеті де осы — өмірдің әртүрлі саласындағы адамдарды біріктіреді, бәрі тең болады, бұл бізге күшейе түсуге көмектеседі. Қатысып, қолдау білдірген серіктестерімізге алғыс айтамыз!»