1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Toyota Olympic 2017
Байланысу

ЕКІ КӨЗҚАРАС — БІР ҚҰНДЫЛЫҚ: TOYOTA МЕН ҰОК СЕРІКТЕС БОЛДЫ

«Тойота Мотор Қазақстан» мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитеті әріптестік туралы келісімге қол қойды. Олар Олимпиада құндылықтарын жетілдіріп, елдің ұлттық құрамасына қолдау көрсету арқылы қазақстандық спортты бірге дамытады.

Toyota Motor Corporation өз тарихында талпынысының, үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысып, өз ісіне деген махаббаты мен тоқтаусыз жетілуінің арқасында мүмкін еместі жүзеге асырып келеді — осылайша мүмкін емес деген түсініктің өзіне күмән келтіреді. Брендтің бастауында — Сакити Тоёда автоматты тігін станогін жасап шығарып, нарыққа ұсынған кезінде-ақ осындай болған, бүгінгі таңда да сол мақсатынан таймай келеді. Олимпиада құндылықтарымен анық үндеседі.

«Toyota — өз саласында әлемдік лидер және Халықаралық Олимпиада Комитетінің жаһандық серіктесі, бұл серіктестік ХОК-пен және олимпиадалық қозғалыспен айнымас үндесу. «Тойота Мотор Қазақстан» еліміздің Олимпиада жанұясына қосылғанына қуаныштымыз...», — деді ҚР ҰОК бас хатшысы Данияр Абулғазин.

Қазақстанда қоғам назарына әбден лайық өте көп жарқын мысал бар. Бұл – миллиондаған отандасын жеңіске жетелейтін, үлгі болып, шабыт сыйлайтын спортшыларымыздың жетістікке жеткен жолы. Олар — нағыз батыр, туған елінің мақтанышы. Қазақстандықтардың спорттық рухын асқақтату, өзара құрмет пен айнымас достық дәстүрі, мықты әрі сау қоғам қалыптастыру — серіктестердің елеулі мақсаты осы.

«Олимпиада құндылықтары Toyota ұстанымдарымен үндеседі — сондықтан Ұлттық Олимпиада Комитетімен әріптестікке қуаныштымыз. Toyota — қазақстандықтар сенім білдірген, олардың жүрегінен орын алған бренд. Спортшылар отандастарының қолдауын сезінуі керек. ҰОК-пен бірге түрлі саладағы қазақстандықтарды мақсатқа жетуде ғана емес, достық, тілектестік және адалдық ретінде көрініс табатын спорт құндылықтарына сүйене отырып біріктіреді...», — деді компания президенті Кит Мэтью Симмонс.

«Тойота Мотор Қазақстан» қарашада Start Your Impossible жаһандық кампаниясын бастайды, оның мақсаты — Toyota қызметкерлерін, серіктестерін және клиенттерін шабыттандыру және біріктіру. Бұл — әр адам өз әлеуетін аша алатын ашық әрі еркін қоғам құруға деген тағы бір қадам. Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада спортшылары бұл кампанияның басты кейіпкері болады.

Екі көзқарас — бір құндылық. Жеңіске бірге жетейік.