Toyota Motor Kazakhstan Toyota-ның қызметкерлерін, серіктестері мен клиенттерін шабыттандыру мен біріктіруді, сонымен қатар компанияның негізгі құндылықтарын жеткізуді мақсат ететін Start Your Impossible жаһандық корпоративтік кампаниясын іске қосты. Технология және экология саласындағы қарқынды даму дәуірінде Start Your Impossible Toyota-ның әр адам мүмкін емес дүниеге қарсы тұра алатын анағұрлым ашық, мықты қоғамды құруға деген талпынысын аңғартады. ... Toyota мобильділік автокөліктер түсінігінің аясынан шығады деп есептейді.
Мұнда сөз кедергілерді еңсеріп, өз арманына қол жеткізу туралы болып отыр. Start Your Impossible бастамасы дәл осы құндылықтарға негізделеді және компанияның осы еркіндікпен бәрін қамтамасыз ету идеясын көрсетеді. .. Toyota өз қызметін бастаған сәттен-ақ қоғамның дамуына белсенді түрде үлес қоса бастады және 20 жыл бұрын гибридті Prius электромобилін шығару арқылы экологиялық жағынан қауіпсіз көліктер сегментін жандандырған инновациялық көшбасшыға айналды. Соңғы жылдары сутекті отындағы Mirai озық үлгісі шығуда. Бұл ретте Toyota жайлы сапардың анағұрлым жайлы болуы мен компанияның дамуы үшін энергияның балама көздерімен, автоматтандырылған автокөліктермен және робототехникамен жұмыс істеуін жалғастыруда.
Олимпиадалық және Паралимпиадалық Ойындардың Дүниежүзілік Серіктесі бола отырып, Toyota спорт, мобильділік және қозғалыс еркіндігі арқылы кемсітушілікке орын жоқ дені сау қоғам үшін сөз сөйлейді. Үздіксіз жетілу мен адамдарға деген құрметке негізделген Toyota-ның құндылықтары адамзаттың мүмкіндігінің жаңа жеңісін атап өту үшін бүкіл әлемді достық пен ниеттестік атмосферасында біріктіретін Олимпиадалық ойындардың қағидаларында жатыр.