ЖАҢА TOYOTA HIGHLANDER 2017
Экстерьердің айбынды дизайны
Жаңартылған толық көлемді кроссовердің айбарлы да әсем дизайны бірден көз тартады. Жоғарғы бөлігі жарықдиодты жүріс жарықтарымен біріктірілген шамдар блогымен қосылған радиатордың трапеция іспетті жаңа торы кроссовердің қарқынды мінезін айқындай түседі. Артқы есігінің пішіні мен артқы бампердің жақтауындағы түрленген төменгі қалып жаңа Highlander-дің келбетіне күштілік пен сымбаттылық қосады. Автокөліктің қыры алдыңғы бамперден артқы шамдарға дейінгі үздіксіз сызықтармен бейнеленген. Көркем жарықдиодты шамдар мен бедерлі артқы қанаттар 19 дюймдік дөңгелектермен бірге толық көлемді кроссовердің қарқынды образын аяқтайды. Жаңа Toyota Highlander экстерьердің үш түрлі: күміс түстес металлик, қоңыр және қою қызыл мтеаллик түстеріндегі орындауына ие болды.
Екі түрлі қозғалтқышпен қолжетімді
Алдыңғы жетекті нұсқаларында автокөлік 6 сатылы АББҚ-мен жұптаса жұмыс істейтін 2.7 литрлік жұмыс көлемі мен 252 Нм айналу сәтіне және 188 ат күшіне ие қозғалтқышпен жабдықталған, ол кез келген жағдайда тиімділігін жоғалтпай, тұрақты жүргізуді қамтамасыз етеді.
Премиумдық интерьер және жабдықтаудың жаңа деңгейі
Highlander интерьерінің әр бөлігі кроссовер рөлінде отыру тек ләззат сыйлауы тиіс деген негізгі қағидаға негізделген. Интерьер жоғары сапалы әрлеу материалдарын қолдану арқылы жасалған, ал интерьер түстерінің нұсқалары қоңыр түсті былғарымен толықтырылған. Премиумдық әрлеудің алдыңғы және артқы орындықтарды желдету және орындықтарды бірнеше бағытқа электрлі түрде реттеу сынды маңызды элементтері сақталған, ал салон Ambient Lightning айнала жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Жабдықталу деңгейі мен жолаушыларға арналған кеңістік қоры және орындықтардың екінші және үшінші қатарындағы мүмкін комбинациялардың санымен жаңа a Highlander-ді расында ең үздік .... бірі деп атауға болады.
Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері
Toyota Highlander-дегі белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кең таңдауы бұғаттауға қарсы жүйені, ABS тежеуіштер жүйесін, EBD тежеуіш күшін тарату жүйесін, ВА шұғыл тежелу жүйесін, TRC батып қалуға қарсы жүйесін және өрге көтерілуге көмек беретін НАС және еңіспен жүру барысында жәрдем беретін DAC жүйесін құрайды.