Связаться

TOYOTA МЕН LEXUS АВТОМЕХАНИКТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

Toyota мен lexus-тің дилерлік орталықтарының барлығынан көптен күткен жеңіс үшін және кәсіби маман чемпиондық атағын иелену үшін 17 мықты автомеханик келді.

Қазақстанда алғаш рет Қазақстан мен Қырғызстанның Toyota жән Lexus дилерлік орталықтарында қызмет ететін автомеханиктер арасында аймақаралық үлкен сайыс өтті. Тәжірибелі мамандар Алматыда 26 қазанға дейін жалғасқан алғашқы аймақ аралық кәсіби байқауда үздік шебер атағы үшін таласты.

Байқаудың ұйымдастырушысы – "Тойота Мотр Қазақстан"– әр клиенттің көңілінен шығу үшін дилерлік орталықтардағы сервистік қызмет көрсету сапасын барынша арттыруға тырысады. Осы орайда дилерлік желілердегі сервистік мамандардың білімі мен дағдысын арттыруға ерекше мән беріледі. . Өткен байқау "Тойотаның" күш салуының қаншалықты тиімді болғанын көрсетті. Екі елден келген Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының ең үздік 17 автомеханигі көптен күткен жеңіс пен кәсіби маман чемпиондық атағын иелену үшін келді.. Байқау тапсырмалары шеберлердің жинаған білім-білігін жан-жақты ашты: бастапқыда қатысушылар қарапайым слесарлық машықтарын көрсетті, ал сайыстың соңына қарай оларды гибридті автокөліктердің қозғалтқыштары түріндегі күрделі емтихан күтіп тұрды.

Жарыстар қатал уақыт шектеулері, спорттық азарт пен толқу жағдайында өтті. Қатысушылардың әрқайсысы өз дилерлік орталығының намысын қорғай отырып, үлкен жауапкершілікті сезінді. Біраз терлеуге тура келді! .. "Тойота Мотор Қазақстан" мен Toyota және Lexus дилерлерінің өкілдерінен құралған қазылар алқасы процессті мұқият бақылап, қатысушылардың технологияларды, жөндеу жүргізу ережелерін сақтауына назар аударды.

Нәтижесінде, жинаған баллдарының саны бойынша анықталған үш жеңімпаз: Загрутдинов Ильдар (Павлодар Тойота Орталығы), Андрей Прасолов (Шығыс Тойота Орталығы) және Доценко Максим (Тойота Сити Астана) жеңіс тұғырына көтерілді. Байқау жүлдегерлері медаль мен құнды сыйлықтарға ие болды, ал жеңімпаз дилерге Toyota Motor Corporation (ТойотаМотор Корпорэйшн) ұсынған кубок табысталды. "Тойота Мотр Қазақстан" клиенттердің көліктеріне көрсетілетін сервистік қызметтің жоғары деңгейде болуы үшін сервистік мамандарды үнемі оқытып, олардың білімдері мен біліктерін мұқият тексереді. Бұл жолғы сынақ сайыс түрінде болды. Қатысушылар аса жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікті көрсетті. Бұдан ең алдымен клиент ұтады. .....

"Біз ең алдымен нені армандаймыз?" Клиенттеріміздің бақытты әрі риза болғанын. Бізден автокөлік сатып ала ма, әлде сервистік қызмет ала ма, ол жағы маңызды емес. Сондықтан біз жаңа идеяларды іске асыру арқылы сервистің сапасын үздіксіз арттырудамыз. Бұл жарыс – соның жарқын дәлелі. Біз алғашқы болып Қазақстан мен Қырғызстанның автоиндустриясында аймақ аралық көлемдегі сайысты өткіздік! Клиенттер сенім артатын мамандарымыздың білімі мен машығын дамытуға қаржы салу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін өте қуаныштымыз", – деді "Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза.