Toyota жаңа Excalibur топ-нұсқасындағы Toyota Land Cruiser 200-ді жария етті. Арнайы серия Exclusive Black және Exclusive White жинақтарының орнын басады. Land Cruiser 200 Excalibur бамперлерінің бірегей дизайнымен, экстерьер элементтерінің "күңгірт хроммен" әрленуімен, күңгірттелген шамдарымен, салонының ромб пішінінде қайып тігілген жоғары сапалы көптесікті Semi-anline былғарысымен әрленуімен және шанағы мен отыратын орындағы жарық проекциясындағы эмблемасымен ерекшеленеді. Excalibur қазақстандық нарықта бензинді қозғалтқышпен, гидропневматикалық аспамен, қысқы опциялардың толық жинағымен және белсенді қозғалыстың толық пакетімен қолжетімді болады.
01 қарашадан бастап Toyota-ның ресми дилерлік салондарында Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігінің Excalibur деп аталатын арнайы үздік нұсқасының сатылымы басталады. Арнайы серия Exclusive Black және Exclusive White жинақтарын алмастырады және иесіне жаңа көліктің эксклюзивті мәртебесін танытатын дербес экстерьер мен интерьердің керемет әрлеуін ұсынады.
Excalibur Land Cruiser 200-дің басқа жиынтық түрлерінен алдыңғы және артқы бамперлерінің қарқынды әрі агрессивті дизайнымен, радиатор торының орындалуымен, тұманға қарсы шамдардың жиектерімен және "күңгірт хром" түсіндегі 20 дюймдік дискілерімен, күңгірттелген жарықдиодты шамдарымен, арнайы сериялық эмблемасымен ерекшеленеді. Excalibur-дің эксклюзивтілігін шанағы мен отыратын орындағы жарық проекциясындағы эмблемасы айқындай түседі.
Excalibur-дің ең жоғарғы жайлылығы мен сән-салтанатын салонының ромб пішінінде қайып тігілген жоғары сапалы көптесікті Semi-anline былғарысымен әрленуі айқындай түседі.
Toyota Land Cruiser 200-дің жаңа үздік нұсқасы өз иесіне гидропневматикалық аспаны, қысқы опциялардың толық жинағын және белсенді қозғалыстың толық пакетін ұсынады.