Компанияның барлық процестегі ұстанымы «Клиент бірінші орында» болған, болып қала береді, ол — Toyota Motor Corporation стратегиясының ажырамас бөлігі. Мұндай ұжымдық сенімді ұстанған бренд дилерлері өз ісінің үздігі болуға тырысады.
«Ichiban» — жапонның «Okyakusama Ichiban» деген сөз тіркесінен алынған сөз, мағынасы — Клиент бірінші орында. Ichiban сөзін «бірінші» немесе «бірінші нөмір» деп аударуға болады. Жүлде қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін көрсеткен дилерге беріледі. Іріктеуге 2000-нан аса үміткер қатысты, олар Toyota клиенттерінің пікіріне жиі өткізілетін зерттеу нәтижелеріне сай бағаланды. Іріктеу қатаң талап бойынша жүрді — 33 елден тек 45 дилер ең жоғарғы, мақтаулы атаққа жетіп отыр.
Биыл марапаттау салтанаты Бельгияда өтті — Антверпенге 15 мамырда Еуропаның түрлі елінен шеберлер келді. Қазақстан атынан барған Қостанай Тойота Орталығы үшінші мәрте жеңіске жетіп отыр — ДО командасы клиенттердің сеніміне лайық болып, сатылымды дамытып, сатудан кейінгі қызмет көрсетуде қайта-қайта керемет жетістіктерге жетіп жатыр. Дилер орталығының жетекшісіне сыйлықты Toyota Motor Europe президенті — доктор Йохан ван Зил тапсырды.
Доктор Йохан ван Зил марапаттау салтанатындағы сөзінде былай деді: «Сіздер «Клиент бірінші орында» философиясын ұстану бизнесте қалай жетістікке жеткізетінін көрсеттіңіздер. Toyota әрбір еуропалық нарықта клиенттердің жоғары бағасын алатын нөмірі бірінші компания болғысы келеді. Біздің маңызды мақсат — барлық елдегі клиенттеріміздің санасы мен жүрегінде бірінші болу...»