Байланыс

АЛМАТЫДА ЖАҢА TOYOTA ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

23 тамызда алматыдағы тойота орталығының аумағында жаңа "Toyota motor kazakhstan" компаниясының toyota оқу орталығының ашылу салтанаты болды.

23 тамызда Алматыдағы Тойота Орталығының аумағында жаңа "Toyota Motor Kazakhstan" компаниясының Toyota Оқу Орталығының ашылу салтанаты болды. .. Оқу Орталығын іске қосу тек ғимаратты қалпына келтіріп, сервистік жабдықтармен жарақтандырған "Астана Моторс" ҚМК-ның жәрдемдесуі мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Оқу Орталығы жас мамандарға Toyota және Lexus автокөліктеріне қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жасауды үйрету үшін ғана емес, тәжірибесі мол кәсіби мамандардың біліктілігін арттыруға да арналған.

Toyota Motor Kazakhstan компаниясының президенті Кит Симмонс мырза "Toyota-ны Қазақстанға осыдан 22 жыл бұрын біздің серіктесіміз Астана Моторс таныстырған болатын. Және дәл осы жерде біз алғашқы дилерлік орталықты ашқан едік. Бізде ең мықты дилерлік желі, сонымен қатар Camry мен Prado сынды аңызға айналған автокөліктер бар. .. Бірақ біз ең жақсы автокөліктер мен дилерлерге біздің клиенттеріміз күтетін сапалы сервистік қызмет көрсете алатын жоғары білікті мамандардың қажет екендігін білеміз.

Сол себепті біз бүгін Тойота Мотор Еуропаның Вице-президенті Леон Ван Дер Мерве мен Астана Моторстың атқарушы директоры Антон Афониннің және бүкіл ел бойынша дилерлік орталықтарымыздағы әріптестеріміздің қатысуымен біздің Ресми Тренинг Орталығымызды ашу мақсатында, алғашқы дилерлік орталығымыздың аумағына жиналып отырмыз", – деп атап өтті.

Қазақстандағы Toyota және Lexus дилерлік желілерінің 2 000-ға жуық қызметкері енді тамаша жабдықталған тренинг-орталықта оқып, кәсіби біліктілігін арттыратын болады. Техникалық тренингтерден бөлек, Оқу Орталығында сату бойынша мамандар, автокөлік орталықтарын басқарудың орта және жоғары топтағы менеджерлеріде машықтанатын болады. 600 шаршы метрді құрайтын оқу орнында жаңа оқу құрылғыларымен, видеопроекторлармен, білімін жетілдірушілерге арналған қуатты компьтерлік базамен жабдықталған 12 және 24 орынға шақталған екі оқу сыныбы бар.

Тәжірибелік жаттығуларға арналған аймақтар тікелей автокөліктермен және олардың агрегаттарымен жабдықталған. Білім алуышалардың құзырында шынайы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қызмет көрсетуді үйренуге арналған Toyota автокөліктері, ақауларды анықтап, жөндеуге және автокөлікті басқарудың электронды жүйелерін қайта бағдарламалауға жаттығуға арналған электронды диагностиканың диагностикалық кешендері бар.

Үйренушілер оқу материалын жақсы түсініп, игеру үшін Оқу Орталығы көрнекі нұсқаулықтармен, тораптар мен агрегаттардың кесінді үлгілерімен, симулятормен жарақталған. Қызметкерлерді Toyota Motor әзірлеген арнайы бағдарламалар бойынша, Toyota Motor Kazakhstan-ның білімді және сертификатталған мамандары оқытады, сонымен қатар бұл іске Business Car Academy (Ресей) компаниясының мамандандырылған оқу академиясының тәжірибелі тренерлері тартылған.

Оқу Орталығының жоспарында мамандарды оқытып, сретификациялау ғана емес, автокөлік орталықтарында еңбек ететін негізгі және көмекші мамандар – автомеханиктер, сервис және сатылым бойынша кеңесшілер, клиенттерді қолдау орталығының жұмысшылары арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу де бар.

Toyota Motor Kazakhstan-ның алыс болашаққа бағытталған даму жоспарлары тек дилерлік желінің адами ресурстарын ғана емес, автокөлік саласында білім беретін колледждер мен оқу орындарын да тарту және қолдауды қамтиды. Toyota Motor-дың қолдауы және қатысуымен әзірленген арнайы бағдарлама техникалық институттардың студенттерін автокөлік технологиясы мен кәсіби мамандардың машықтары бойынша жаңа білім беруге мүмкіндік береді. Техникалық оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатудың ашық тренингтер мен семинарлар, оқу орындарының мұғалімдерін тағылымдамадан өткізу, оқу орындарына көрнекі нұсқаулықтармен, тораптармен және агрегаттармен қолдау көрсету сияқты бірқатар үлгілері жоспарланып отыр.

Toyota Оқу Орталығының ашылуы әлемдік брендтің қызметіне жас буынды тарту арқылы ұзақ мерзімді дамуды көздеген Қазақстандағы Toyota-ның дамудағы тағы бір қадамы.