LAND CRUISER 300
52 710 000 ₸
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса)
Құқықтық ескертпе
Мәліметтер алдын ала берілген және соңғы омологацияны күтуде. Қосымша ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі өкілетті дилерлерге хабарласыңыз.
Toyota LC300-ді қарсы алыңыз: қуатты SUV дизайны және ерекше сапалы толық жетекті жүйе — әсерлі сапарлар үшін ең жақсы таңдау.
Дизайн
Жол талғамайтын сипаттамалары (тех.)
Жолдағы мүмкіндіктер
Қауіпсіздік
Ыңғайлылық
Жайлылық
Read timed out
POST https://dxp-webcarconfig.toyota-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=92aa73e0-411e-4633-a620-9784ffbfcd2b
Дизайн
Land Cruiser 300 өзінің әсерлі пропорцияларымен және күшті сызықтарымен көз тартады. Аңызға айналған негізгін қалаушылардың дәстүрін жалғастыра отырып, Land Cruiser уақыттан тыс силуэтінде танымал ДНҚ-ын сақтап қалды. Қалада, трассада немесе қиын жерлерде — Land Cruiser 300 кез келген жағдайда сенімділікпен жүреді.
Land Cruiser 300 — бұл дизайн, озық технологиялар мен функционалдылықтың мінсіз үйлесімі. Автокөліктің алдыңғы жағында сенімді әрі күшті келбетті айқындайтын фирмалық жарықдиодты фаралар мен бүтін радиатор торы назар аударады.
Land Cruiser 300 GR SPORT көлігінің ерекше және айқын келбеті Land Cruiser рухын толық сақтап қалған. Күшті алдыңғы бампер, айқын қара дөңгелек қаптамалары, стильді Toyota логотипі мен танымал GR SPORT эмблемасы – сіздің автокөлігіңіз әрдайым көз тартарлық болмақ.
Динамика
Land Cruiser 300 кез келген сапарда жаңа стандарттарды айқындайды. Жолдағы бірқалыпты жүріс пен сенімді басқару аңызға айналған өтімділікпен үйлесім тапқан. Жоғары динамикалық көрсеткіштер берік рамамен, төмен орналасқан ауырлық орталығымен және жаңартылған гидроқозғалтқышпен қамтамасыз етіледі, бұл кез келген жылдамдықта мінсіз басқаруға кепілдік береді.
Айбынды жол саңылауы, тұрақты толық жетек және сенімділігі дәлелденген жол талғамайтын көлік арқасында Land Cruiser 300 ең қиын жолдарды бағындырушы. Құлыпталатын дифференциалдар, жетілдірілген аспа және төмендетілген берілісті толық жетек арқасында кез келген жолды бағындыру сіздің қолыңызда.
Қауіпсіздік
Инновациялық технологиялар жүргізу кезінде ең жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Toyota Safety Sense жүйесінің ең жаңа нұсқасы бар Land Cruiser 300 көлігі соқтығысудың алдын алуға арналған жетілдірілген Pre-Collision System (PCS) жүйесімен жабдықталған. Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM) жүргізушіге қозғалыс жолағын ауыстырған кезде қолдау көрсетеді.
Технологиялар
Land Cruiser 300 цифрлық аспаптар тақтасы барлық жағдайдан хабардар болуға мүмкіндік береді. Көпфункциялы аспаптар қалқаншасы мен проекциялық дисплейдің арқасында басқарудың жеңілдігін тамашалаңыз. Жылдам әрекет ететін мультимедиалық сенсорлық экран және Apple CarPlay және Android Auto жүйелерімен толық интеграция арқылы сүйікті қолданбаларыңызға оңай қол жеткізіңіз.
Сайтта көрсетілген Toyota автокөліктерінің техникалық сипаттамалары мен жинақтамалары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасына жеткізілетін автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жинақтамаларынан өзгеше болуы мүмкін.
Toyota өнімі, қызметтері және/немесе жұмыстары туралы, соның ішінде Сайтқа орналастырылған жарнама акциялары мен науқандары туралы кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатта берілген және жария оферта емес. Тауарларды сатып алу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша түбегейлі коммерциялық, қаржылық және өзге де шарттар жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Toyota ресми уәкілетті дилерінен алу қажет.
Сайтта берілген Toyota өнімінің бағасы туралы ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие. Көрсетілген бағалар максималды қайта сату бағалары болуы және Toyota уәкілетті дилерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Кез келген Toyota өнімін сатып алу жеке сату-сатып алу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.