Corolla
14 690 000 ₸
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса)
Құқықтық ескертпе
Мәліметтер алдын ала берілген және соңғы омологацияны күтуде. Қосымша ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі өкілетті дилерлерге хабарласыңыз.Жолдарды бағындыру үшін жасалған және кез келген жинақтамадағы жабдықталуымен таң қалдырады.
Жүргізу жеңілдеді
Corolla жүргізуден ұмытылмас сезімдер сыйлайды
Қауіпсіздік ең алдымен
Сізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қорғау үшін жасалған қауіпсіздік жүйелері
Жайлы саяхаттаңыз
Әдемі және кең салон жайлылығымен ерекшеленеді және стильді көрінеді
Қозғалысы жатық және елгезек трансмиссиялар
Кез келген жағдайда теңдесі жоқ динамика
Қосылу мүмкіндіктері
Toyota мультимедиялық жүйесі смартфонмен интеграцияны қолдайды.
Әр бөлшегіндегі динамика
Сүйірленген контурлары Toyota-ның жарыстық мұрасын бейнелеп, автокөліктің таңдаулы екенін айшықтап тұр.
POST https://dxp-webcarconfig.toyota-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=65bfd91d-f2a8-4cbb-bdbc-3834b400492a
Дизайн
Седан Corolla — озық технологиялардың сырбаз бейнесі. Отын үнемділігінің және кең салонының арқасында ол ыңғайлылық бойынша үміттерді ақтап қана қоймай, заманауи дизайнының, жүрісінің жатықтығының және динамикасының есебінен эмоциялар деңгейінде де сүйсіндіреді.
Динамикалық дизайны мен әдемі әрлеуі Corolla седанын әрбір бөлшектегі стиль бейнесіне айналдырады.
Corolla седанының стильді, ыңғайлы және эргономиялық орындықтары тіпті ең ұзақ сапарларда да жайлылықты қамтамасыз етеді.
Технологиялар
Corolla седаны сымсыз зарядтау функциясымен жабдықталады және сізге әрдайым байланыста болуға көмектесетін Apple CarPlay және Android Auto интерфейстері арқылы қосылатын ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Corolla седанындағы сымсыз байланыс арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясының арқасында бүкіл әлем алақаныңызда.
Corolla прецизиялық навигация жүйесімен бірге уақытыңыз бен отынды үнемдеңіз. Межелі орындарды сенсорлы дисплей немесе дауыспен басқару арқылы енгізіңіз және экранда көрсетіліп тұрған таңдалған бағдарға түсіңіз.
Жолда байланыста болу оңай. Жаңа хабарламалар мен жауаптарды тез жіберу үшін Corolla дауыстық басқаруын және хабарламалар алмасу функциясын пайдаланыңыз. Жауаптардың дайын шаблондарының көмегімен уақытыңызды үнемдеңіз.
Жүргізу ләззаты
Corolla седаны Toyota инженерлік тәжірибесінің бай мұрасын негізге алады. Бензин нұсқасы сыналған технологияларды, үнемділікті және сенімді динамиканы үйлестіріп, қалада да, тас жолда да жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл – күнделікті сапарлар мен ұзақ жолдарға арналған сенімді автомобиль.
Corolla седанының жүрісінің жоғары жатықтығы әрбір сапарды жайлы саяхатқа айналдырады: межелі орынға жеткен кезде өзіңізді сергек және энергияға толы сезінетін боласыз.
Төмен орналасқан ауырлық ортасының және аспасының теңгерілген баптауларының арқасында Corolla седанын басқару жеңіл және оңай. Ол көлік тізгінінде сенімділік береді және жүргізуден ләззат сыйлайды.
Безопасность
Toyota Corolla сіздің сенімді жүргізу көмекшіңізге айналатын T-Mate озық қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен жабдықталады. T-Mate — тас жолда да, қала көшелері мен тұрақтарда да жүргізушіге автокөлікті басқаруға көмектесуге және жүргізуді анағұрлым қауіпсіз етуге арналған жүйелер жиынтығы.