Toyota клиенттеріне арналған сақтандыру

Сақтандыру

КАСКО бағдарламасы бойынша автокөлікті сақтандыру

Микронесиеге сатып алынатын автокөлік КАСКО бағдарламасы бойынша «Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан «МҚҰ» ЖШС серіктес-сақтандыру компаниясында несиелендірудің толық мерзімі ішінде сақтандырылуы тиіс. КАСКО сақтандыру сыйақысы несие сомасына кіруі мүмкін.

Өмірді сақтандыру

Өмірді сақтандыру бағдарламасы денсаулыққа байланысты күтпеген жағдайлар туындаған кезде микронесиені қорғауды қамтамасыз етеді. Сіз қорғалған микронесие аласыз, ал Toyota Финанс —белгілі бір жағдайларда қарыз алушының төлем қабілеттілігіне сенімді бола алады. Сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру компаниясы несиеңізді өтеуді өз мойнына алады.

Микронесиені рәсімдеу кезінде сіз Toyota Финанс серіктес сақтандыру компаниясымен бірге ұсынатын өмірді сақтандырудың екі бағдарламасының бірін таңдай аласыз.

Бұл қалай жұмыс істейді?

• Өмірді сақтандыру бағдарламасын рәсімдеу бастапқы шығынды талап етпейді — сақтандыру сыйлықақысын төлеу микронесие сомасына енгізілген.

• Бағдарлама микронесие келісімшартының бүкіл қолданылу мерзіміне сақтандыру қорғанысын ұсынады.

• Сақтандыру келісімшарты микронесие келісімшарты күшіне енген күннен бастап қолданылады.

Life 1% өмірді сақтандыру бағдарламасы

• Бағдарламада қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру қамтылған — сақтандыру жағдайларына өлім мен 1 және 2-топтағы мүгедектік жатады.

• Сақтандыру жағдайы болғанда сақтандыру компаниясы төлеп берген сақтандыру өтемақысының сомасы несие бойынша қарызды өтеуге мүмкіндік береді.

• Life 1% бағдарламасының құны несие сомасының жылдық 1%-ына тең.

Life 24 өмірді сақтандыру бағдарламасы

• Бағдарламада қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру қамтылған — сақтандыру жағдайларына өлім мен 1 және 2-топтағы мүгедектік жатады.

• Сақтандыру жағдайы болғанда сақтандыру компаниясы төлеп берген (2 400 000₸) сақтандыру өтемақысының сомасы несие бойынша қарызды ішінара немесе толық өтеуге мүмкіндік береді.

• Life 24 бағдарламасының құны айына — 2 000 ₸.