1. Finance and insurance
  2. Finance and credit
  3. Credit programs
  4. Info
  5. Shareholders
Байланысу

TOYOTA ФИНАНС

Клиенттер үшін ең жақсы жағдайлар

Toyota Motor Corporation халықаралық автомобиль жасау корпорацияларының алғашқысы болып Қазақстанда қаржы еншілес компаниясын ашты. «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС (Toyota Финанс) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған 2021 жылғы 19 наурыздағы №02.21.0042.M. лицензиясы) клиенттер үшін кредиттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады.

Адалдық, сенімділік, ашықтық - Toyota Финанс брендтің негізгі қағидаттарына негізделген қаржылық қызметтерді ұсынады. Негізгі мақсат - брендтің барлық жанкүйерлеріне оңтайлы микрокредит бағдарламасын таңдау арқылы сүйікті модельдерін сатып алуға мүмкіндік беру.

Toyota Финанс Қазақстанда көрсетілетін қызметтердің сапасын жүйелі түрде арттырады және жеке тәсілді қолданады, бұл автомобильдерді сатып алудың икемді шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Құрметті клиент!


Осы арқылы ТФС шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде клиент кірістердің төмендеу себебін міндетті түрде көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен мерзімі өткен берешекті реттеу мәселесі бойынша ТФС-ге жүгінуге құқылы екенін хабарлайды.
Төменде клиент шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы жағдайлар келтірілген:

  1. Клиентті жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;
  2. клиенттің әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, атап айтқанда ХӘОТ-қа жатқызу, сол сияқты бірге тұратын жақын туысының, клиенттің жұбайының (зайыбының) ХӘОТ мәртебесін алу, бұл орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер етті;
  3. аурумен байланысты клиенттің уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);
  4. клиенттің бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;
  5. клиентті мерзімді әскери қызметке шақыру;
  6. жақын туыстарының, клиенттің жұбайының (зайыбының) ауруына (әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар;
  7. клиентке материалдық зиян келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт, т.б.).
  8. өзге жағдайлар

 

Клиент ТФС-ге ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруі, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістердің төмендеуі немесе болмауы фактісін құжатпен дәлелдеу арқылы растауы тиіс.
Осы өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн.
Қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, клиент ТФС-ге жүгіну дәлелдерін ұсына отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне жүгінуге құқылы.
Өтініш беру үшін ТФС байланыс деректері:
+7 701 081 32 99
+7 701 052 43 46
care@kz.toyota-fs.com
«Toyota Финанс» мобильді қосымшасы

Құрметті тұтынушылар!

 

Біз, Toyota Finance командасы, Қазақстандағы қазіргі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына жанашырлық танытудамыз. Табиғат апатының зардаптарынан тезірек қалыпқа тұруға тілектеспіз. Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай болған аймақтарда зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында және орын алған қиын жағдайда көмек көрсетуге неиетімізді ескеріп, тұтынушыларға - жеке және заңды тұлғаларға айыппұлдар мен өсімпұлдарсыз төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынуға дайындығымызды  мәлімдейміз.

 

Жергілікті атқарушы органдарымен жәбірленушілер тізіміне енгізілген барлық қарыз алушыларға және Toyota Finance компаниясына өтінім берген су тасқынынан зардап шеккен барлық  тұтынушылаға өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастай отырып, 3 ай мерзімге (2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін) несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру көзделген.

 

Қайта құрылымдау туралы өтінішті кез келген ыңғайлы жолмен беруге болады:

 

• Toyota Finance мобильді қосымшасында;

• care@kz.toyota-fs.com электрондық пошта мекенжайына;

• Toyota/Lexus дилер желісіне бару.

 

TFS байланыс мәліметтері:

 

• Байланыс орталығы +7 771 944 44 44;

• What's App +7 701 052 43 46.

 

Қабылданған өтініштің нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін зардап шеккен әрбір қарыз алушыға жеке талдау жүргізілетін болады.