Су жаңа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің тұсаукесері
• Тұсаукесер сапасының, сенімділігінің және жолсыз жердегі сипаттамаларының арқасында аңызға айналған культті Land Cruiser автокөліктері тобының 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
• Жаңа модельдің негізінде бүкіл әлем бойынша 10 миллионнан астам данасы сатылған Land Cruiser мұрасы жатыр.
• Toyota Land Cruiser 300 жолсыз жерлерге арналған ауқымды мүмкіндіктерін асфальт үстіндегі жетілдірілген қозғалыс сипаттамаларымен толықтыра отырып, шын мәнінде нағыз жол талғамайтын автокөлікке айналды.
• TNGA жаһандық архитектурасына ауысу автокөлікті кез келген жолда қозғалған кезде бұрынғыдан да жайлы етуге, басқару мүмкіндігін жақсартуға және пассивті қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
• Шанағының ойластырылған геометриясының, дифференциалдарды блоктаудың үш мүмкіндігі бар тұрақты толық жетектің, AVS бейімделетін аспасының және Multi-terrain Select қозғалыс режимдерін таңдау жүйесінің арқасында аңызға айналған автокөліктің су жаңа буыны кез келген жолға арналған бірегей мүмкіндіктерге ие болды.
• Жаңа модельдің сатылымы Қазақстандағы Toyota ресми дилерлік орталықтарында 2021 жылдың 1 шілдесінен басталады.
Жаңа Land Cruiser 300 автокөлігімен Toyota компаниясы жол үстіндегі және жолсыз жердегі жоғары деңгейлі сипаттамаларымен ерекшеленетін, қандай сапарға шықса да жүргізушілердің бойына сенімділік ұялататын төзімді, сенімді және сапалы (ТСС) автокөліктер өндірушісі ретіндегі имиджін нығайтуды жалғастырады.
Автокөліктің рамалық құрылымы сақталған. Рама қайта өңделіп жасалды, беріктігі жоғары болаттың көп мөлшерінің есебінен салмағы жеңілдеді және қаттылығы артты. Ал шанақтың алюминийден жасалған элементтері – капот, есіктер, алдыңғы қанаттар мен төбе – алдыңғы буынмен салыстырғанда жаңа Land Cruiser 300 автокөлігінің жалпы массасын 200 кг шамасына азайтуға үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ модельге ешқандай аяушылықты білмейтін «Дакар» раллиіне қатысқан тәжірибелі сынаушы пилоттардың сынағынан өткен жаңа аспа орнатылды. Алдымызға асқан жүріп өткіштігінің болуымен қатар жолсыз жерлерде де, қала жолдарында да басқару жеңілдігімен ерекшеленетін жол талғамайтын көлік жасап шығару мақсаты қойылған болатын.
Король бездорожья
Тежегіш механизмінің пішініндегі өзгертулер жауап қату жылдамдығын арттыруға және тежеу жүйесінің сезімталдығын жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Күштік қондырғы өз сегментінде бірегей болып табылатын 10 сатылы автоматты трансмиссиямен бірге жұмыс істейді, ол жоғары динамиканы, берілістерді ауыстырудың дәлдігін, жылдамдығын және жатықтығын қамтамасыз ете отырып, жанармай шығынын азайтуға ықпал етеді және айналдыру сәтін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Land Cruiser 300 6 сатылы АБҚ-мен бірге жұмыс істейтін 4,0 л бензинді қозғалтқышпен қолжетімді болады.
Жолсыз жердің королі
Экстерьерінің премиумдық мұрасы мен заманауи дизайны
Жетілдірулер тек техникалық аспектілерді ғана қамтыған жоқ. Үлгі өзінің бай мұрасын мен мәртебесін айқындап тұратын және жаңа «функционалды әсемдік» тұжырымдамасын көрсететін жаңа дизайнға ие болды. Land Cruiser 300 шанағының мәнерлі, таза сызықтары жол талғамайтын көліктің ішкі күшін, талғамшылдығын және кемелдігін білдіріп тұрады. Бұған дейінгі үйреншікті радиатор торы үлкейе, дөңгелек аркалары айшықтала түскен, ал бүйірлік айналар бағандардан есіктерге ауысқан. Сонымен бірге автокөлікке динамикалық секвенталды LED бұрылыс шамдары орнатылды. Және алғаш рет бұл Үлгі үшін мүлдем жаңа: қара көк металлик және премиумдық ақ меруерт түстері қолжетімді.
Эргономиялы және технологиялық интерьердің мінсіз жайлылығы
Модельдің интерьері сезімдердің жаңа деңгейін ұсынады. Land Cruiser 300 жүргізу тәжірибесін жақсартуға бағытталған заманауи технологиялармен жабдықталған.
Қозғалтқышты оталдыру кезінде саусақ ізін сканерлеу функциясы автокөлікті айдап әкетуден сақтандыруға арналған бірегей шешім болып табылады. Мұндай аутентификация автокөлікті басқаруға рұқсат берілген барлық тұлғаларды дәл анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе саны 10-ға дейін саусақ іздерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Проекциялық HUD-дисплей, панорамалық шолу камерасы және сызық белгілері бар артқы көрініс камерасы автокөлікті тиімді және қауіпсіз басқаруға көмектеседі. Артқы әйнектазалағыштарды іске қосқан кезде автоматты түрде артқы көрініс камерасы да тазартылады.
Артқы орындықтардың жолаушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Алдыңғы орындықтардың бассүйегіштерінің артқы жағына екі автономды монитор (Rear Seat Entertainment), сондай-ақ орталық консольге HDMI-порт пен гаджеттерді зарядтауға арналған екі USB-порт орнатылған. Жаңа жол талғамайтын көлікте үлкен топпен саяхатқа шығуға қолайлы болуы үшін электрлі жетекпен еден астына жиналатын орындықтардың үшінші қатары қарастырылған.
Toyota маркасының дәстүрлі қауіпсіздігі мен сенімділігі
Автокөлік құрылысының өзіне тән беріктігі, күрделі жағдайларда қозғалу кезіндегі мүлтіксіз көмекші жүйелер, сондай-ақ екінші буынды Toyota Safety Sense белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік туғызды. Соқтығысулардың алдын алу жүйесі (PCS) енді автокөліктің жүру жолындағы жаяу жүргіншілерді (тәуліктің жарық және қараңғы мезгілінде) және велосипедшілерді (тәуліктің жарық мезгілінде) анықтай алады. Жол қиылыстарынан өткен кезде PCS жүйесі сондай-ақ қарсы келе жатқан көлік құралдарымен және жолдан кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілермен соқтығысу қаупін анықтайды.
Жүргізушінің және жолаушылардың жан-жақты қорғалуы және қауіпсіздігі үшін Land Cruiser 300 10 қауіпсіздік жастығымен жасақталған.
Арнайы сериялар
Land Cruiser моделінің 70 жылдық мерейтойының құрметіне клиенттер үшін саны шектеулі Land Cruiser 300 70th anniversary сериясы қолжетімді болады.
Сондай-ақ аңызға айналған жол талғамайтын көлік бірегей GR Sport жинақтамасымен ұсынылатын болады. Нұсқаның эксклюзивті сипаты автокөлік интерьері мен экстерьеріндегі спорттық бөлшектермен айшықталып көрсетіледі. Қазақстанда және Қырғызстанда Land Cruiser 300 GR Sport жинақтамасында осы жылдың қыркүйек айында сатылымда пайда болады.
Су жаңа Land Cruiser 300 автокөліктерінің сатылымы Қазақстанда 1 шілдеде барлық Toyota ресми дилерлік орталықтарында басталады. 2021 жылдың ең басты жаңа автокөліктерінің біреуінің бағасы 35 300 000 теңгеден басталады (41 150 000 теңге – қозғалтқышының көлемі 3,5 л Land Cruiser 300 үшін бастапқы баға).
Флагмандық жол талғамайтын көліктің тарихы
Land Cruiser автокөліктерінің пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділік тарихы 70 жылдан асады. Ол 1951 жылғы ең күрделі жолсыз жерлерді еңсере алған және Фудзи тауының алтыншы сатысына көтерілген ең алғашқы автокөлік атанған Toyota BJ моделінен бастау алады. Осыдан кейін ол бүкіл Жапонияда полицияның патрульдік көлігі ретінде қолданыла бастайды.
Осы сипаттары Land Cruiser автокөлігін шалғай аймақтарда тұратын адамдардың орны толмас құралына айналдырды. Ол гуманитарлық операцияларда және сұрапыл апаттар кезінде көмек көрсету мақсаттарында қолданылады.
* 2020 жылдың соңындағы ахуал бойынша.
Land Cruiser автокөлігінің негізгі межелері
| Үлгі | Сатылу кезеңі | Сипаттамалары |
| BJ | 1951 жылғы тамыз — 1965 жылғы қаңтар | Жапонияның ұлттық полиция қызметі үшін әзірленген түпнұсқа Үлгі. Жапонияның бас полиция басқармасында патрульдік машина ретінде қолданылды. Үлгі Фудзи тауының алтыншы сатысына көтерілген алғашқы автокөлікке айналды. 1954 жылы оның атауы Land Cruiser болып өзгертілді. |
| 20-серия | 1955 жылғы қараша — 1959 жылғы желтоқсан | Сыртқы келбеті өзгертілген, азаматтық қолданысқа арналған екінші буын моделі. Land Cruiser автокөліктерінің өзге елдерге экспортталуы және Toyota автокөліктерінің Жапония аумағынан тыс жердегі сапасы мен төзімділігін дәлелдеуі осы модельден басталды. |
| 40-серия | 1960 жылғы тамыз — 1986 жылғы қазан | Жол талғамайтын көліктің үшінші буыны Land Cruiser моделіне тән сенімділігі, төзімділігі мен жүріп өткіштігі үшін бүкіл әлем бойынша жоғары бағалар мен танымалдыққа ие болды. Бұл Үлгі 24 жыл бойы сатылып келді, оны әлі күнге дейін жолдарда кездестіруге болады. |
| 50-серия | 1967 жылғы тамыз — 1981 жылғы шілде | Жаңа ерекше дизайны бар толық функционалды нұсқа. Бүгінгі 300-ші сериялы модельдің алдыңғы буыны анағұрлым кең және жайлы салонымен, сондай-ақ Land Cruiser фирмалық сипатымен ерекшеленді. |
| 60-серия | 1980 жылғы тамыз — 1990 жылғы қаңтар | 50-серияның орнын басқан Үлгі. Үлкейтілген жолтабан енінің арқасында бағдарлық тұрақтылығы жақсарды. Жол талғамайтын көлік жеке клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылықты арттыруға арналған жабдықтармен жасақталды. |
| 70-серия | 1984 жылғы қаңтар — біздің уақыт | 40-серияның жалғасына айналған ауыр пайдалану жағдайларына арналған heavy-duty нұсқасы әлі күнге дейін шығарылып келеді. 1985 жылы стандартты пайдалану жағдайларына арналған light duty нұсқасы, ал 1990 жылы — Prado нұсқасы шықты. |
| 80-серия | 1989 жылғы қазан — 1998 жылғы қаңтар | Land Cruiser автокөліктерінің жолсыз жердегі қабілеттерін аса жоғары деңгейге көтерген Үлгі. Жабдықталу деңгейі мен жүріс сипаттамалары премиум класы талаптарына сәйкес келді. |
| 90-серия | 1996 жылғы мамыр — 2002 жылғы қазан | Алдыңғы аспасы тәуелсіз алғашқы Land Cruiser. Бұл Үлгі стандартты пайдалану жағдайларына арналды және жолдағы қасиеттерін және жүрісінің жатықтығын жақсартуға ықпал еткен және осы орайда модельдің жолсыз жердегі қабілеттілігін жоққа шығармаған эксклюзивті шанағымен ерекшеленді (Prado автокөліктерінің екінші буыны). |
| 100-серия | 1998 жылғы қаңтар — 2007 жылғы тамыз | 80-серияның мұрагері — тәуелсіз алдыңғы аспасы бар алғашқы Үлгі. Жақсартылған жолсыз жердегі және жолдағы қасиеттерінің және жүрісінің жоғары жатықтығының арқасында бұл Үлгі тамаша жол талғамайтын көлікке айналды. |
| 120-серия | 2002 жылғы қазан — 2009 жылғы тамыз | Стандартты пайдалану жағдайларына арналған бұл Үлгі қаттылығы жоғары жаңа рамаға ие болды (бұл бөлек рамасы бар алғашқы Land Cruiser) және жақсартылған жолсыз жердегі қасиеттерімен ерекшеленді. Электронды басқару жүйелері жолдағы сипаттамалары мен қозғалыс кезіндегі жайлылықты жақсартуға мүмкіндік туғызды (Prado автокөліктерінің үшінші буыны). |
| 150-серия | 2009 жылғы қаңтар — біздің уақыт | Стандартты пайдалану жағдайларына арналған Үлгі анағұрлым қатты шанаққа және өткіштікті арттыруға арналған озық технологияларға ие болды (Prado автокөліктерінің төртінші буыны). |
| 200-серия | 2007 жылғы қыркүйек — 2021 жылғы көктем. | 100-серияның мұрагері, бөлек рамаға ие болған Үлгі. Қайта өңделген платформа шанақтың анағұрлым жоғары қаттылығын, ұзақ уақытқа төзімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті. |