TOYOTA ФИНАНС
Клиенттер үшін ең жақсы жағдайлар
Клиенттер үшін ең жақсы жағдайлар
Toyota Motor Corporation халықаралық автомобиль жасау корпорацияларының алғашқысы болып Қазақстанда қаржы еншілес компаниясын ашты. «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС (Toyota Финанс) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған 2021 жылғы 19 наурыздағы №02.21.0042.M. лицензиясы) клиенттер үшін кредиттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады.
Адалдық, сенімділік, ашықтық - Toyota Финанс брендтің негізгі қағидаттарына негізделген қаржылық қызметтерді ұсынады. Негізгі мақсат - брендтің барлық жанкүйерлеріне оңтайлы микрокредит бағдарламасын таңдау арқылы сүйікті модельдерін сатып алуға мүмкіндік беру.
Toyota Финанс Қазақстанда көрсетілетін қызметтердің сапасын жүйелі түрде арттырады және жеке тәсілді қолданады, бұл автомобильдерді сатып алудың икемді шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құрметті клиент!
Осы арқылы ТФС шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде клиент кірістердің төмендеу себебін міндетті түрде көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен мерзімі өткен берешекті реттеу мәселесі бойынша ТФС-ге жүгінуге құқылы екенін хабарлайды.
Төменде клиент шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы жағдайлар келтірілген:
Клиент ТФС-ге ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруі, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістердің төмендеуі немесе болмауы фактісін құжатпен дәлелдеу арқылы растауы тиіс.
Осы өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн.
Қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, клиент ТФС-ге жүгіну дәлелдерін ұсына отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне жүгінуге құқылы.
Өтініш беру үшін ТФС байланыс деректері:
Телефон: +7 771 933 30 07
Whatsapp: +7 771 790 45 45
care@kz.toyota-fs.com
«Toyota Финанс» мобильді қосымшасы
Корпоративтік басқару кодексі.pdf
Инсайдерлік ақпаратқа билік етудің және пайдалануың ішкі бақылау ережесі.pdf
Годовая финансовая отчетность за 2023 г. (.PDF)
Годовая финансовая отчетность за 2022 г..pdf
Годовая финансовая отчетность за 2021 г.pdf
Годовая финансовая отчетность и аудиторский отчет за 2020 год.pdf
Сайтта көрсетілген Toyota автокөліктерінің техникалық сипаттамалары мен жинақтамалары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасына жеткізілетін автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жинақтамаларынан өзгеше болуы мүмкін.
Toyota өнімі, қызметтері және/немесе жұмыстары туралы, соның ішінде Сайтқа орналастырылған жарнама акциялары мен науқандары туралы кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатта берілген және жария оферта емес. Тауарларды сатып алу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша түбегейлі коммерциялық, қаржылық және өзге де шарттар жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Toyota ресми уәкілетті дилерінен алу қажет.
Сайтта берілген Toyota өнімінің бағасы туралы ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие. Көрсетілген бағалар максималды қайта сату бағалары болуы және Toyota уәкілетті дилерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Кез келген Toyota өнімін сатып алу жеке сату-сатып алу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.