1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Toyota PDD child
Байланысу

"KIDS ROAD SAFETY" ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

"KIDS ROAD SAFETY"

Дүниежұзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сай, Қазақстан автокөлік апаттарынан болатын өлім мен жарақат алу саны жағынан алдыңғы он елдің қатарында. ЖКО біздің елдегі бала өлімінің негізгі себебі болып табылады. ҚР Әкімшілік полиция комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылдағы үш айдың ішінде Қазақстанда 23 бала жолда қаза тауып, 618 бала түрлі жарақат алған. Осы орайда ЖКО-ның 60 %-ына балалардың өздері себепкер болады екен. Жолдағы қауіпсіздіктің ең басты құрамдас бөліктерінің бірі ........... болып табылады.

"Тойота Мотор Қазақстан" дилерлермен бірге кішкентай жаяу жүргіншілерді жол ережелері мен жолдағы қауіпсіз әрекетті үйретуге бағытталған "Kids road safety" әлеуметтік жобасының аясында балаларға арналған ойын және интерактивті бағдарламалар өткізді.

Балаларға қызық болу үшін оқу материалдарында олармен жобаның символы – Тойо есімді робот сөйлеседі. Тойо балаларға бірге ойнауды ұсынып, жолдан қалай және қай жерлерде өту қажеттігін, қандай әрекеттерді еш уақытта жасауға болмайтынын түсіндіреді. "Тойота Мотор Қазақстан" мен компания дилерлері "Kids road safety" әлеуметтік жобасының аясында балаларға арналған ойын және интерактивті бағдарламалар өткізді. Мысалы, Алматыдағы "Ковчег" балалар үйінің тәрбиеленушілері ЖҚЕ бойынша оқытатын ойындар ойнап, көптеген пайдалы мәліметтермен танысты және жолдағы қауіпсіздік үшін пайдаланылатын жарыққа шағылысатын элементтері бар сыйлықтар алды.

Дилерлердің бірі – "Павлодар Тойота Орталығы", өз кезегінде "Развитие" деп аталатын жергілікті мектепке дейінгі білім беру орталығында сайыстары, викториналары және "Қалада саяхаттау" ойыны бар интерактивті сабақ өткізді. Ал Алматыдағы "Тойота Сити" дилері жоба аясында суреттер конкурсын өткізді.