1. Safety
  2. Passive safety
Байланысу

PASSIVE SAFETY ШАРАЛАР КЕШЕНІ

ЖКО КЕЗІНДЕГІ СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ

Енжар қауіпсіздік – ЖКО жағдайында денсаулыққа зиян келуінің алдын алу және оны азайту бойынша жасалатын шаралар кешені

Әлемдегі ең үздік

Біз көлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы жаһандық көшбасшылыққа талпынамыз, сондықтан 1995 жылы Global Outstanding Assessment (GOA) жүйесін жасадық. Бұл бізге қауіпсіздіктің ең жоғарғы нәтижелеріне жетуге көмектесіп, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай болуға, тіпті одан жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беретін біздің ішкі бағалау жүйеміз.

Барлығы қайда басталып еді

1966 жылы біздің алғашқы сынақ орталығымыз бен Қауіпсіздікті бағалау департаментінің ашылған сәтінен бастап біз енжар қауіпсіздік саласында ауқымды зерттеулер мен талдаулар жүргіздік. . Соқтығысу кезіндегі соққының күші мен жолаушылар және жаяу жүргіншілер алған жарақаттың ауырлығын бағалау үшін біз сынақ алаңдарымызда үздіксіз краш сынақтарын өткіземіз.

Виртуалды шындық

Қауіпсіздік құралдарын дамытуды қолдау мақсатында біз 1997 жылы THUMS деп аталатын манекендер топтамасын жасадық, содан бері олардың арқасында бізде әдеттегі манекендермен салыстырғанда, жарақаттарды тиімдірек талдауға мүмкіндік бар. THUMS виртуалды манекендерінің дене мүшелерінің жарақаттары шынайы жарақаттарға сәйкес келеді. THUMS-тың 2012 жылы шыққан төртінші нұсқасы 1 миллионнан аса бөліктерден тұрады. Сонымен қатар, шанақтың соққыны сіңіргіш құрылымдарын, қауіпсіздік жастықтарын, қауіпсіздік белдіктерін және тағы басқа қауіпсіздік құралдарын үнемі жетілдіру үшін соғылудың шынайы сценарийлерін жасаймыз.