1. Safety
Байланысу

SAFETY SENSE БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

Сіз бізбен қауіпсіздікте боласыз

Өмір – ұзақ, айтып білгісіз әрі тамаша сапар. Toyota Сіздің өз жолыңызбен толық қауіпсіздікте қозғалуыңызға көмек береді. Ондаған жылдар бойы деректер жинап, жан-жақты зерттеулер жүргізгеннен кейін біз Сіздің өзіңізге тиесілі Toyota маркалы жаңа автокөлігіңізге тек бұған мұқтаж болғанда ғана емес, Сіз тіпті қауіптің болатыны жайлы мүлде хабарсыз болған кезіңізде де сенім арта алатыныңызға кепілдік береміз.

  • Жағымсыз жағдайлардан аулақ болу

    Көліктің рөліндегі жүргізуші түйсікті түрде үш қабілетіне сүйенеді: тану, шешім қабылдау және маневр жасау. Toyota-ның жаңа автокөліктері ықтимал қауіптерден қашуға көмек беру арқылы осы қабілеттерді толықтырады. Бұғаттауға қарсы жүйе (ABS), шұғыл тежелу жүйесі (ВА) және тарту күшін басқару сынды белсенді қауіпсіздік жүйелері – бұл біздің жол-көлік оқиғаларынан толықтай құтылып, жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін қауіпсіз жағдайлар жасау мақсатында Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі.

Бәріне дайын

Шанақтың соққының энергиясын сіңіретін құрылымдары, жолаушыларды қорғауға арналған қаңқалар, қауіпсіздік жастықтары, қауіпсіздік белдіктері, мойын жарақатын алудан қорғайтын орындықтар сынды элементтерді үнемі жетілдіру үшін біз шынайы апаттар туралы деректер негізінде шынайы соғылу жағдайларын жасап, толық талдау жүргіземіз және халықаралық стандарттар мен ең жоғарғы бағалардан басым нәтижелерді көрсету мақсатын қоямыз.