Құрметті Клиенттер,
Toyota брендін таңдап, сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Toyota ресми дилерлік орталықтарының жұмыс режиміне қатысты кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз.
Елдегі төтенше жағдай жариялануына және 2020 жылғы 26 наурызда күшіне енген түзетулерге байланысты кейбір автосалондардың, сондай-ақ сервистік орталықтардың жұмыс кестесі өзгертілді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын шектеу мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін 30 наурыздан 30 сәуірге дейін тоқтата тұру туралы шешіміне сәйкес, сондай-ақ осы шешім шеңберінде қабылданған әкімдіктердің жергілікті актілеріне сәйкес Toyota дилерлік және сервистік орталықтарының қызметі мына қалаларда уақытша тоқтатылды: Алматы, Атырау, Орал, Ақсай, Қызылорда, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар.
Орталықтардың қызметін тоқтата тұру мерзімі әкімдіктердің үкімдеріне сәйкес белгіленген. Осы кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дилерлік және сервистік орталықтар автомобильдерді және қосалқы бөлшектерді сатуды, автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда, сервистік жұмысты тоқтатады. Дегенмен, дилерлер Онлайн чат немесе телефон арқылы кеңес беруді жалғастырады.
Жоғарыда көрсетілген қалалардағы орталықтардың қызметі тиісті қалалардың әкімдіктерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарынан ресми рұқсат алған сәттен бастап әдеттегі режимге қайта оралады. Басқа қалалардағы дилерлік орталықтардың жұмыс тәртібі мен қызметі туралы толық ақпарат алу үшін аймағыңыздағы Toyota ресми дилерлерінің біріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Toyota компаниясы үшін қызметкерлердің, серіктестер мен клиенттердің қауіпсіздігі басты орында. Сондықтан біз барлық дилерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің және өңірлік биліктің Жарлығын орындауды ұсындық. Еліміздің кейбір қалаларында карантиндік шараларды күшейтіп, төтенше жағдай жариялауына байланысты дилерлік орталықтардың қызметі уақытша тоқтатылды, бірақ олардың көпшілігі онлайн қызмет көрсетеді. Әдеттегі режимде жұмыс істейтін орталықтар шоурум қызметінің толық спектрін ұсынады, қызмет алу қолжетімді. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Толық ақпарат алу үшін қалаңыздағы дилерге хабарласыңыз немесе біздің сайтта онлайн-өтінім қалдырыңыз.