Байланысу
loading content

Стандартты жарақтандырудың айрықша деңгейі

Жаңа гибридті Toyota Camry-ді — гибридті күштік агрегаттың бесінші буыны бар әсерлі седанды қарсы алыңыз. Онымен бірге қойылған мақсаттарға жеңіл қол жеткізесіз және жаңа көкжиектерге жол ашасыз.

arrow right
arrow left
  • Toyota Camry

    Ұшқыр және таңдаулы

    Дизайны толықтай жаңартылған және әрбір сызығы сырбаздана тартылған классикалық седан

  • Toyota Camry

    Заманауи жүргізушілерге бейімделген

    Toyota Camry-дің жаңартылған салоны — бұл ыңғайлылық пен жоғары дәрежелі стильдің мінсіз теңгерімі

  • Toyota Camry

    Қолайлы әрі кең салон

    Camry-дің стильді салонында жайлы сапарларға қажеттінің бәрі бар.

  • Toyota Camry

    Гибридті күштік агрегаттың жаңа буыны

    Гибридті жетектің бесінші буынының арқасында жаңа қуат деңгейі

  • Toyota Camry

    Инновациялық автокөлік технологиялары

    Заманауи технологиялар әрбір сапарда жайлылық пен ләззат алуды кепілдендіреді

  • Toyota Camry

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары

    Тыныштыққа және қауіпсіздікке арналған заманауи технологиялар

  • Toyota Camry

    Кешенді кепілдік, толық қорғаныш

    Қорғаныш шаралары топтамасының арқасында гибридті Toyota Camry-іңізге арналған қауіпсіздік.

Read timed out

POST https://aph-webcarconfig.toyota-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=b6866060-c84a-4a43-b968-25947907b9cc

  • Гибрид

    Қозғалтқыш
    Гибридті
    Ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    137/186
    Гибридті жүйенің ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    169/230
    Аралас отын шығыны (л/100 км)
    4
    CO₂ шығарындылары (г/км)
    91
    Екпін алу уақыты 0-100 км/сағ (сек)
    7.2
    Жетек
    Алдыңғы
    Беріліс қорабы
    e-CVT сатысыз вариаторы
  • Бензин

    Қозғалтқыш
    Бензин
    Ең жоғарғы қуаттылығы (кВт/а.к.)
    150/204
    Гибридті жүйенің ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    -
    Аралас отын шығыны (л/100 км)
    6.5
    CO₂ шығарындылары (г/км)
    147
    Екпін алу уақыты 0-100 км/сағ (сек)
    8.87
    Жетек
    Алдыңғы
    Беріліс қорабы
    8-АБҚ

Жиі қойылатын сұрақтар

Гибридті күштік агрегат — бұл іштен жану қозғалтқышы мен электр жетектің үйлесімі. Қажет болса, бұл қуат көздері бірге немесе бөлек-бөлек қолданыла алады.

Кейбір қозғалыс жағдайларында, мысалы, орыннан қозғалғанда және 50 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен жүргенде гибридті автокөлік тек электржетекті пайдалана алады. Аккумулятор батареясы зарядының деңгейі төмендеген кезде іштен жану қозғалтқышы қосылады және оның қуатының артық бөлігі батареяны зарядтауға қолданылады.

Toyota гибридті автокөліктері инновациялық өздігінен зарядталу технологиясымен жабдықталады◊. Аккумулятор батареяларын зарядтау қозғалыс кезінде автоматты түрде орындалады. Осының арқасында қосымша зарядтау қажет емес, және жүргізуші жүріс қоры немесе зарядтау станцияларын іздеу туралы уайымдамайды.

 

◊ Өздігінен зарядталатын гибрид іштен жану қозғалтқышымен және бір не бірнеше электрмотормен жабдықталады. Олардың барлығы бір жоғары технологиялы күштік қондырғыны құрай отырып, бірге жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш дөңгелектерге қосымша айналдыру моментін беру арқылы динамиканың жақсаруын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тартқыш батареяны зарядтайтын генератор ретінде әрекет ете отырып, отын шығынын азайтуға көмектеседі.

Toyota гибридті автокөліктерінде инновациялық технологиялар қолданылады, олардың арқасында аккумулятор батареяларының қызмет ету мерзімі автокөліктің бүкіл қызмет ету мерзіміне есептелген. Мұндай автокөліктің конструкциясында кейбір механикалық тораптар, мысалы, ілінісу, генератор және стартер жоқ, осының арқасында болашақта болжанбаған шығыстар тәуекелі төмендейді. Оған қоса аккумулятор батареясын қоса гибридті электржетектің барлық компоненттеріне жаңа автокөліктің сатылған сәтінен бастап 10 жыл бойы / 190 000 км* барысында кепілдік әрекет етеді. *Қайсысы ертерек орын алатынына қарай.

Гибридті электромобильдердің үш типі бар: жеңіл гибридті, өздігінен зарядталатын және қосымша зарядталатын. Жеңіл гибридті автокөліктерде электрқозғалтқыш тек жылдамдықты үдеткенде және тұрақты жылдамдықпен жүргенде ғана іштен жану қозғалтқышына қосымша ретінде қолданылады — автокөлік тек электр тарту күшімен қозғала алмайды. Toyota Hybrid гибридті автокөліктері қала ішіндегі жол жүрудің 80%-ында және 50 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүргенде тек электр энергиясын ғана қолданады. Қосымша зарядталатын гибридті автокөліктер кәдімгі гибридтер секілді жұмыс істейді, алайда олар электржетекті анағұрлым тиімді қолдануға арналған сыйымдылығы көбірек аккумулятор батареясымен жабдықталады.

Жаңа Toyota Camry-дің артықшылықтары: Кепілдік, қызмет көрсету және қаржылық мүмкіндіктер.

  • 1. 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейінгі кепілдік

    Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы Toyota ресми дилерлік орталықтарында сатып алынған жаңа буындағы (80) Toyota Camry көлігіне басқасымен қатар гибридті жүйенің барлық компонентін (батарея, электрмоторлар және т.б.) өтейтін, қайсысы ертерек болатынына байланысты 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейінгі кепілдік беріледі.  

    - Зауыт кепілдігі қайсысы ертерек болатынына байланысты 3 жыл немесе 100 000 км жүрілген жол бойы қолданылады

    - Relax кепілдігі қайсысы ертерек болатынына байланысты 3–10 жыл немесе 100 000–190 000 км жүрілген жол бойы қолданылады. Relax кепілдігі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген Toyota ресми дилерлік орталығында негізгі регламенттік техникалық қызмет көрсету негізінде белсендіріледі және кепілдік ақысын бөлек төлеуді қажет етпейді.Сілтемесі арқылы өтіп, Relax кепілдігінің талаптарымен толығырақ таныса аласыз.
  • 5 тегін регламенттік техникалық қызмет көрсету – ToyotaCare

    Toyota жаңа буынды Toyota Camry жинағымен жүретін бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған ToyotaCare қызмет көрсету жоспарын ұсынады. Техникалық қызмет көрсетуге қосалқы бөлшектер мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстарын орындау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес автокөлік агрегаттарын тексеру кіреді. Уақыт өте келе қосалқы бөлшектердің, арнайы сұйықтықтар мен қызметтің бағасы жоғарылайтынына қарамастан, ToyotaCare бағдарламасының аясында техникалық қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

  • 3. Toyota Finance мүмкіндіктері


    Икемді кредит беру және лизинг шарттарын қамтитын, Toyota Finance ұсынған қаржылық мүмкіндіктер қолжетімді. Бұл сізге тиімді шарттармен жаңа автокөлік сатып алуға және қаражатыңызды тиімді басқаруға көмектеседі.
  • 4. Trade-In

    Trade-In қызметі ескі автокөлігіңізді пайдамен жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді. Қазіргі автокөлігіңізді тапсырып, оның құнын жаңа Camry ақысын төлеу үшін қолдана аласыз, бұл көлік сатып алуды анағұрлым қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.