1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Toyota tested
Байланысу

TOYOTA TESTED: ТЕКСЕРІЛГЕН АВТОКӨЛІКТЕР, ТИІМДІ ШАРТТАР

Мінілген сенімді автокөлік сатып алғыңыз келсе, Toyota Tested қолайлы бағдарламасын қолданыңыз — ол брендтің Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық ресми дилерінде бар.

Өз жұмысының нәтижесіне әрқашан жауап беретін Toyota компаниясының өндіруші ретіндегі абыройы асқақ. Ұзаққа жарамды, сенімді және сапалы — марканың ДНҚ-сы десек артық айтқандық емес. Бұл қасиеттер мінілген автокөліктерге де қатысты — олар иесіне ұзақ қызмет көрсетуі тиіс.

Клиенттерге келер пайда туралы

Бұл қызметте адам автокөлікті қайталама нарықтан іздегендегі барлық кемшілік жойылған. Клиент қаражатын, уақытын және күшін үнемдейді — маңызды жүйелердің ақауы бар-жоғын тексерудің, техника тілін білетін дос іздеудің немесе техникалық жөндеу орталығында тексертудің керегі жоқ. Бұл процеске Toyota жауапты.

Toyota Tested бағдарламасының басты үш кезеңі:

1) Интерьер мен экстерьерді бағалау, барлық жүйені кешенді тексеру;
2) Салонды толықтай тазалау, шанақты өңдеп, жылтырату, шиналарды қарайту;
3) Май, фильтр және өзге де шығын болар бөлшегін ауыстыру (қажет болғанда).

Мамандар тексеру барысында барлық аспект ескеріледі, оның негізгісі — қауіпсіздік. ДО қызметкерлері сатып алу алдында егжей-тегжейлі кеңес береді — модельді таңдап, пайдалануға толық жарамды автокөлікті тізгіндеу ғана қалады.

Ашық және ыңғайлы

Дилер бағаны нарықтағы құн мен автокөлік жағдайына байланыстырып қояды, заң тұрғысында келісім қауіпсіз әрі ашық жасалады. Ал сатып алуға қажет сома толық болмаса, клиент мінілген модельдерге арналған төмендетілген пайыз мөлшерлемесі бар несие ұсынысын қолдана алады. Жолдағы күтпеген жағдайлардан қорғану үшін дилер орталығында өнімді бірден сақтандырып алуға болатынын еске саламыз.

Қорытындылайық. Toyota Tested клиенттерге мінілген көлікті сатуға да, сатып алуға да мүмкіндік береді. Өз автомобиліңізді сатылымға қойғыңыз келсе, ол Toyota процедураларына сай бағалаудан өтеді. Бренд дилер орталығында өзге де марка модельдерін сатуға немесе сатып алуға болады.

Осы пайдалы бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, өзіңіз тұратын өңірдегі ресми дилерге жүгіне аласыз. Toyota Tested — сенімді автокөліктер, тиімді шарттар, таңдауыңа сенімді болу.