1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Hiace for NPK
Байланысу

TOYOTA ҰЛТТЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ КОМИТЕТКЕ 4 АВТОБУС БЕРДІ

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы ұлттық құрама мен паралимпиадалық қозғалысты қолдау аясында Ұлттық Паралимпиадалық Комитетке төрт Hiace шағын автобусын берді.

Төрт автобус Комитеттің Астанадағы күнделікті қызметі үшін және ҰПК-нің Алматыдағы бөлімшесіне, көбіне спортшыларды тасымалдау мақсатында қолданылатын болады. Төрт Hiace автобусының екеуі ..... қажеттіліктері үшін толықтай қайта жабдықталған.

Өткен жылдың қазан айында Toyota мен ҚР ҰПК әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның аясында қазақстандықтардың сүйікті автокөлік бренді Паралимпиадалық ойындарда және басқа да халықаралық деңгейдегі жарыстарда 2024 жылға дейін біздің құраманы қолдауға ниетті. Компаниялар қазақстандықтардың спорттық рухын көтеріп, паралимпиадалық құндылықтарды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істейді.

Toyota корпорациясының Халықаралық Паралимпиадалық қозғалыстың жаһандық әріптесі болып табылатыны және "Тойота Мотор Қазақстанның" халықаралық әріптестігінің арқасында кооперацияны аймақтық деңгейде күшейтетіндігін айта кеткен жөн. Бұрын ешқашан жаһандық әріптестер Ұлттық Паралимпиадалық Комитеттерді қолдау міндеттерін қабылдаған емес, бірақ Toyota әлемдегі ең озық компаниялардың бірі ретінде алысқа көз тігіп, тереңірек үңілді. Осылайша, бүгін біз тарихи сәттің куәсі боламыз – .....

Жаһандық деңгейде Toyota оқыту бағдарламалары арқылы Қазақстанның паралимпиадалық қозғалысын қолдайды. Ұлттық деңгейде "Тойота Мотор Қазақстан" Паралимпиадалық комитетке мүгедек арбаларын көтеруге арналған арнайы құрылғымен жабдықталған автобустар береді. Осы автобустардың арқасында, паралимпиадалық спортшылардың логистикасы мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру тиімдірек бола түседі. Біз осы үлесіміздің жаңа медальдар алу үрдісінің және Қазақстандағы паралимпиадалық спортты дамыту үрдісінің бір бөлігі болатынына сенімдіміз", – деді ....

Бұл әріптестік – Toyota-ның жаһандық бастамаларының бір бөлігі. 2017 жылы автокөлік бренді Toyota-ның әр адам мүмкін емес дүниеге қарсы тұра алатын анағұрлым ашық, мықты қоғамды құруға деген талпынысын аңғарту үшін Start Your Impossible жаһандық корпоративтік кампаниясын іске қосты.

Toyota мұндай қоғамды құрудың басты критериі еркіндік пен мобильділік деп санайды. Toyota бұл ұғымдар автокөліктер түсінігінің аясынан шығады деп есептейді. Мұнда сөз кедергілерді еңсеріп, өз арманына қол жеткізу туралы болып отыр. Start Your Impossible бастамасы дәл осы құндылықтарға негізделеді және компанияның осы еркіндікпен бәрін қамтамасыз ету идеясын көрсетеді. Себебі біз қозғалған кезде ........................

"Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза Toyota-ның заттардың қазіргі қалпына көндікпегендігін және мүмкін емес дүниелерге сонау ............... бастап қарсы шыққандығын атап өтті.

"Біз Toyota бүкіл ел бойынша паралимпиадалық қозғалысты дамыту аясында Ұлттық Паралимпиада Комитетіне өз автокөліктерімізді қуана ұсынамыз. Әр күн сайын өздерінің үздіксіз жетілу жолындағы рухымен біздің жақсылыққа ұмтылуға көзқарасымызға сай, паралимпиада спортшылары бізді шабыттандырады. Мен Паралимпиадалық ойындардың олар өз мүмкіндіктерін барынша іске асыруына мүмкіндік беретініне сенемін, ал біз өз тарапымыздан оларды қолдауға дайынбыз, – деді Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза

2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын спорттың екі түрі – шаңғы жарысы және биатлоннан алты спортшы қорғады. Осы орайда 1.5 шақырымдық шаңғы жарысында алтын медпльді иеленген Александр Колядиннің жеңісін ерекше атап өткен жөн. Бұл "алтын" қазақстандық паралимпиадалық спорт тарихындағы қысқы Паралимпиада ................