«Toyota жасыл айы»: «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері Алматыда 40 ағаш отырғызды

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Алматыдағы Toyota және Lexus дилерлерімен және бренд серіктестерімен бірге Алматы қаласының Алатау ауданында 40 ағаш отырғызды.

Компания қызметкерлері отырғызған туя ағаштары Момышұлы-Рысқұлов қиылысы көшесіндегі перспективті ауданды көгалдандырды. Ағаштар жақын уақытта тұрғындар пайдалана алатын болашақ саябақ пен спорт алаңы аймағының көркін келтірді.

/

Акция ауқымы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық реттеулеріне сәйкес болды, қатысушылар саны 40 адамнан асқан жоқ. Алайда қатысқан барлық қызметкер тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Үш сағат күш салудың арқасында аллея мәңгі жасыл туя ағашынан құралған жасыл аймаққа айналды.

/

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы жыл сайын түрлі экологиялық акцияларға арналған «Жасыл ай» жаһандық бастамасына қатысады. «Toyota жасыл айы» 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеу идеясына Toyota Motor Corporation корпорациясының ынтымақтастық білдіруінің жаһандық акциясы болды. 1973 жылдан бастап компания экологиялық құндылықтар туралы хабар таратып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдарды жүзеге асырып келеді.

/

Алдыңғы жылдары компания қызметкерлері мен алматылық дилерлер Медеу аймағында Тянь-Шань шыршаларын, Halyk Arena спорт кешенінің аумағында қайыңдар, Атакент аумағы мен Шығыс айналма жолы бойына үйеңкі ағаштарын отырғызған болатын.

Қарай отырыңыз

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус маркасының оригинал қосалқы бөлшектерін және аксессуарларын Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды.
Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады. Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады.