Жаңаөзенде алғашқы Toyota сервис орталығы ашылды

Жаңаөзенде Батыс Қазақстанның шағын қалаларында тұратын клиенттер брендтің барлық халықаралық стандартқа сай қызметін алуы үшін облыс орталығынан тыс алғашқы Toyota сервис орталығы есігін айқара ашты. Басты ұстаным — клиент бірінші орында.

Жаңа автоорталықтың жалпы ауданы — 890 м². Оның ішінде 350 шаршы метрін шоурум алып жатыр, ал 432 шаршы метрінде төрт посты бар сервис аймағы орналасқан. Автожуу ауданы — 111 м². Жаңаөзен Тойота Сервисі 2S (Service & Spare Parts) концепті базасында жұмыс істейді, бұл қызмет көрсетуді, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өндірушінің ресми кепілдігімен сатуды білдіреді.

«Тойота Мотор Қазақстан» әрдайым елдің географиялық ерекшелігіне мән береді — елді мекендер арасындағы қашықтық пен халықтың орналасу тығыздығы. Әдетте шалғайдағы қалада тұратын автокөлік иелері басқа қалаға баруға немесе жақын маңдағы ТЖО-да қызмет алуға мәжбүр. Олар брендтің ресми өкілдерінен сервис алуда шектеліп отыр.
Ал енді Жаңаөзен мен қалаға жақын жатқан елді мекен тұрғындары сервис ала алады. Мамандар жұмысын Toyota талаптарына сай стандартталған құрал-жабдықты қолдана отырып және кепілдік бере отырып жұмыс істейді. Жаңаөзен Тойота Сервисі — Ақтау Тойота орталығы дилерінің бірінші автоном сервис орталығы. Мұнда сервис қана алып қоймай, сонымен қатар жаңа автокөлікке тапсырыс беріп, Trade-In және Toyota Tested бағдарламаларын қолдана алады.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс компания елде клиенттердің жағдайы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті. Түрлі қаладағы сервис орталықтарының желісі Toyota автокөлік иелерін жоғары деңгейлі қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

Orbis Auto автокөліктер тобының бас директоры Динара Ысқақова жаңа СО ашылуы өңірдегі көлік инфрақұрылымының дамуында маңызы зор деп есептейді:

«Қазақстан өңірлерінде, әсіресе өнеркәсібі мен өндіріс саласы дамыған өңірлерде сапалы әрі сенімді автосервиске аса қажеттілік бар. Қазірдің өзінде батыс облыстарында Toyota-ның бірнеше ресми дилер орталығы бар. Жаңаөзен де сервиске сұранысы жоғары ең маңызды локациялардың бірі саналады...», — дейді Динара.

Былтыр Қызылордада, Теңізде және Ақсайда сервис орталықтары ашылған еді. Бренд географиясы кеңейіп келеді — Жаңаөзен Тойота Сервисі ҚР-дағы Toyota ресми дистрибьюторы үшін 2S форматындағы төртінші қазақстандық орталық және Orbis Auto тобы үшін бірінші болды.

Қарай отырыңыз

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды. Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады.
Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды.