1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Retrofit
Байланысу

Toyota Retrofit

Toyota Retrofit — мультимедиялық жүйені жаңарту

2020 жылы Toyota ресми дилерлері Corolla мен RAV4 модельдерінің мультимедиялық жүйелерін ең жаңа нұсқасына дейін жаңарту бойынша бағдарламалық қамту кампаниясын бастады.
Жаңарту бағдарламасының арқасында 2019 жылы шыққан автокөлік иелері мультимедиялық жабдықтаудың ең заманауи функционалына ие болады, бұл арқылы Toyota автокөліктеріндегі мобильдік құрылғыларды ыңғайлы, толық әрі қауіпсіз қолдануға мүмкіндік болады. Apple CarPlay® және Android Auto® смартфондарының интеграция платформаларын қолдау — мультимедиялық жүйені БҚ-ның соңғы нұсқасының басты артықшылықтарының бірі.

АPPLE CARPLAY® және ANDROID AUTO® функциялары бар мультимедиялық жүйе

Қозғалыс кезінде ыңғайлы пайдалану үшін оңтайлы орналасқан дисплей әртүрлі ақпаратты бір уақытта алуды қамтамасыз ететін көпэкранды кескін функциясын ұсынады — мысалы: навигация, аудио басқару немесе климатты басқару. Сіз музыканы оңай қосып, маршрутты қадағалап, қоңырау шала аласыз. Барлық қосымша бейімделген — оларды жолдағы бақылауды жоғалтпай пайдалануға болады.

Мультимедиялық жүйелерді БҚ жаңарту процесі

Жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін жақын маңдағы Toyota ресми дилер орталығына хабарласу қажет. Жаңарту жұмыстарын жүргізуге 30 минуттан 1 сағатқа дейін (навигация жүйесі жоқ автокөліктерде) және 2 сағаттан 4 сағатқа дейін (навигациясы бар автокөліктерде) уақыт керек. Қызмет тегін.

2020 жылдың қаңтарынан бастап мына модельдерге ғана жаңарту жүргізіледі:
• 2019 жылдың қаңтарынан желтоқсанына (қоса есептегенде) дейін шыққан Corolla;
• 2019 жылдың қазаны мен 2020 жылдың қыркүйегі аралығында (қоса есептегенде) шыққан RAV4.