Toyota 2020 Жасыл Ай: қала климатын сауықтырайық

Брендтің көптеген акциясы экологияны қорғауға, қала климатын сауықтыруға бағытталған. Toyota Motor Corporation қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты қабылдаған алғашқы жаһандық компаниялардың бірі болды — Toyota Kazakhstan қалыптасқан дәстүрді жалғастырып жатыр.

Жыл сайын «Toyota Жасыл Ай» экологиялық акциясы өтеді — компания қызметкерлері Toyota және Lexus дилер орталықтарындағы әріптестерімен бірлесе отырып, қала экожүйесін жақсарту мақсатында ағаш отырғызады. Қатысушылар бұл процеске зор жауапкершілікпен қарайды, туған қаласына деген сүйіспеншілік, ортақ іске өз үлесін қосуға деген ұмтылыс — бұл команданы да ынталандырады.

/

2018 жылы Шығыс айналма автомобиль жолы бойын 80 үйеңкі ағашы көркейтті. 2019 жылы «Тойота Мотор Қазақстан» және Алматы ДО қызметкерлері Halyk Arena спорт кешенінің аумағына 75 қайың отырғызды. Биыл Атакент аумағына үйеңкі ағаштары отырғызылды — 30 жас үйеңкі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қуантып, жайқалып өседі. Қазақстандық өзге де дилер орталықтарының қызметкерлері мен Қырғыз Республикасындағы әріптестеріміз де дәстүрлі түрде ағаш отырғызу мен сенбіліктер ұйымдастырып, өздері «Toyota Жасыл Ай» өткізіп отырады.

Ағаштар — жердің тынысы, 150, 300, 400 жыл өмір сүре отырып, ауаны тазартуға көмектеседі. Шырша, қайың, үйеңкі ағаштары қала тұрғындарының денсаулығына пайдалы — оларды бүгін отырғызсақ, әрқайсымыз болашаққа қамқорлық жасаймыз.

/

• «Toyota Жасыл Ай» Toyota Motor Corporation-ның БҰҰ Бас Ассамблеясы 1972 жылы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін атап өту идеясымен ынтымақтастығын білдірудің жаһандық акциясына айналды. Компания 1973 жылдан бастап экологиялық құндылықтарды дәріптеп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралармен айналысады.

Қарай отырыңыз

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды. Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады.
Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене В Жанаозене открыл свои двери первый сервисный центр Toyota вне областного центра, который предоставит клиентам малых городов запада Казахстана качественное сервисное обслуживание в соответствии с международными стандартами бренда Toyota. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды.