Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды

Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды.

• 2020 жылы «Тойота Мотор Қазақстан» 2004 жылдан бері Toyota Motor Corporation жыл сайын өткізіп келе жатқан жаһандық байқауға алғаш рет қатысты.
• Қатысушылардың жұмыстары брендтің дилерлік орталықтарында (Қазақстанда және Қырғызстанда) 2020 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін қабылданды.
• Қазылар алқасы әртүрлі жас санатындағы балалардың 515 суретін қарады. Әр жұмыс назар аударуға тұрарлық, бірақ жүлделер саны шектеулі.
• 21 қаңтарда қазылар алқасы үш жас санатында тоғыз үздік жұмысты таңдады Бұл суреттер байқаудың әлемдік кезеңіне қатысу үшін Жапонияға жіберіледі.

Toyota мұндай жобалар ұлы армандаушылардың, өнертапқыштар мен ойшылдардың жаңа буынының шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетініне сенімді. Болашақты балалар жасайды.

Байқаудың ұлттық кезеңінің жеңімпаздары

Қазылар алқасының құрамына Марат Бекеев, Жәнел Жұбанова және Айжұлдыз Адайбекова кірді — суретшілер әр жас санаты үшін жүлделі орындарды белгіледі. Сарапшылар ең қызықты және әсерлі суреттерді таңдап, оларды үш басты іріктеу критерийі бойынша бағалады: болашақ мобильділік туралы бірегей және инновациялық көзқарас, жас суретшінің идеяны бейнелеу қабілеті, сондай-ақ қатысушылардың композициямен, түспен және сурет салу техникасымен жұмыс істеуі. Жеңімпаздардың суреттерін Жапонияда бағалайтын болады, онда дәстүрлі түрде TOYOTA көркемдік байқауының жаһандық кезеңі өтеді.

Санат Бірінші орын Екінші орын Үшінші орын
7 жас және одан төмен Алвар Джабаев
7 жас
«Болашақ автокөліктері»
Сафина Орынбекова
5 жас
«Арыстан-машина»
Асылжан Талгатов
3 жас
«Toyota әлемді құтқаруда»
8 жастан 12 жасқа дейін Ясмин Гапуржанова
8 жас
«Армандағы машина»
Карина Казарян
8 жас
«Саяхаттауға арналған машина»»
Василий Козлов
9 жас
«Anti-COVID-19»
12 жастан 15 жасқа дейін Альбина Каби
12 жас
«Менің армандаған автокөлігім»
Арина Кучеренко
14 жас
«Үй-машина»
Жанерке Каипова
12 жас
«Көңілді көлік»
Балалар уақытты жақсы сезеді

Суретші Марат Бекеев: «Балалар сурет салған кезде, олардың ойлау қабілеті жарқын әрі еркін болады. Ал осындай көркемдік байқауларға қатысу ойларды қағазға аударуға және олардың бір түйінін шығаруға үйретеді. Осындай қабілеттерді дамыту баланың басқалармен тиімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді»,– деп белгіледі.

«Тойота Мотор Қазақстан» Президенті Кит Мэтью Симмонс мынадай түсініктеме берді:
«Біз осындай байқауды алғаш рет өткізіп отырмыз, жұмыс саны мен сапасына таң қалдық. Бұл балалар осындай байқауларға қатысуға қызығушылық танытатынын білдіреді – біз оларды әлбетте үнемі өткізіп отыратын боламыз. Көптеген қатысушылар ғажайып көліктерді суреттеді, олардың басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық жасау. Олардың туындылары гүл отырғызып, қоқыс жинайды, зиянды қалдықтарды таза ауаға айналдырады».

Компания «Армандағы автокөлік» балалар суреті байқауын жыл сайын өткізуді жоспарлауда. Toyota Kazakhstan жаңалықтарын әлеуметтік желілерде және ресми сайтта бақылап отырыңыз: www.toyota.kz — 2021 жылы қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуын өткізіп алмаңыз.

Үлкен жаңалықтар жасық идеядан туындайды – балаңызды сурет салуға ынталандырыңыз.

Қарай отырыңыз

Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене В Жанаозене открыл свои двери первый сервисный центр Toyota вне областного центра, который предоставит клиентам малых городов запада Казахстана качественное сервисное обслуживание в соответствии с международными стандартами бренда Toyota. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады.