Toyota Қазақстанға автокөліктерді жектізу мерзімін екі есе қысқартты

Ұлы Жібек жолы, аты аңызға айналған Орта ғасыр бағдары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын сақтап қалуда. Трансұлттық компаниялар Марко Полоның ашқан осы жолдарын әртүрлі тауарларды, соның ішінде автокөліктерді жеткізу үшін пайдалануды жалғастыруда.

14 ақпанда «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы жеткізу мерзімдерін екі есе қысқартып, Жапониядан Қазақстанға Жаңа жібек жолымен жеткізілген алғашқы автокөліктерді қабылдап алды.

Осыдан бұрын Жапониядан Қазақстанға автокөліктерді жеткізу шамамен 80 күн ішінде жүргізілетін. Компанияда жаңа бағдардың арқасында Жапониядағы өндіруші зауыттан жөнелтілген сәттен бастап автокөліктер Қазақстанға орта есеппен 35 күнде келетін болады, деп түсіндірді.

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Президенті Кит Симмонс келесіні атап өтті: «Жаңа Жібек жолы логистикалық бағдарының ашылуы Toyota компаниясының логистика және қорларды басқару саласындағы стратегиясында маңызды кезең болып табылады және Қазақстанның ірі логистикалық орталық және Орталық Азиядан Еуропаға өткізетін жол ретіндегі әлеуетін растайды. Автокөліктерді жылдамырақ жеткізу де біздің «Клиент бірінші орында» деген негізгі приницпімізге сәйкес келеді».

/
Жаңа бағдарды әзірлеу

2018 жылдың екінші жартысында Тойота Мотор Қазақстан өзінің маңызды мақсатын белгіледі – жеткізу уақытын оңтайландыру және клиенттер үшін автокөліктердің келуін күту уақытын қысқарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін компания автокөліктерді Қазақстанға жеткізудің балама нұсқаларын қарастырды. Жеткізудің ықтимал жолдарын мұқият зерделеу нәтижесінде Toyota ҚХР аумағы арқылы өтетін Жаңа Жібек жолы деп аталатын көлік жүйесін таңдады. Бұл бағдар компанияның мақсаттары мен болжалдарына толығымен сәйкес келеді.

Тойота Моторс Қазақстан таңдалған бағыт бойынша транзиттің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеп шығып, 2020 жылдың басында жаңа жолмен автокөліктерді жеткізуді байқап көрді. Транзиттің барлық кезеңдері мен процестерінің сенімді және тиімді екеніне және автокөліктердің келу уақытын айтарлықтай үнемдейтініне көз жеткізгеннен кейін, компания жобаны 2021 жылдың басында ресми түрде іске қосты.

Жаңа бағыт бойынша жеткізу процесінде автокөліктер Жапониядан жөнелтіледі және теңіз арқылы ҚХР-дағы портқа келеді. Бұдан әрі автокөліктер оларды ҚР аумағындағы межелі жерге дейін темір жолмен тасымалдауға арналған мамандандырылған вагондарға тиелетін болады.

Оңтайландырылған жол

Жаңа Жібек жолымен Lexus брендінің барлық автокөліктері, Toyota Land Cruiser 200 және Toyota Land Cruiser Prado модельдері келетін болады . Сонымен қатар Компания жеткізу мерзімін қысқарту үшін басқа модельдердің транзитін оңтайландыруды жоспарлап отыр.

«Тойота Мотор Қазақстан» сату және маркетинг басқармасының бас менеджері Сергей Зяблов: «Бұл бағдар міндетті түрде біздің клиенттеріміз үшін жағымды өзгерістердің басталуын білдіреді. Жобаны іске асыру оңайға соқпады, көптеген логистикалық есептер мен тестер талап етілді, олар арқылы біз осы бағдардың артықшылықтарын анықтадық. Toyota компаниясы үшін сапа маңызды көрсеткіш болып табылады, сондықтан бағдардың барлық нүктелеріндегі операциялардың сапасын тексеруді Тойота Мотор Корпорэйшн инженерлері жүргізді. Бағдардың барлық жерлерінде дамыған инфрақұрылым болып, Қазақстан және Қытай тарапынан белсенді қатысушылық болғандықтан, осындай көлемді жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асыру қолымыздан келді. Toyota жобаға қатысқан барлық серіктестеріне, сондай-ақ осыны арнап құрған клиенттерімізге алғыс білдіреді», – деп мәлімдеді.

/

Қарай отырыңыз

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіне тағы да микроавтобустар сыйға тартты «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіне тағы да микроавтобустар сыйға тартты «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Ұлттық Паралимпиада комитетіне (ҰПК) атлеттердің қажеттіліктері үшін Toyota Hiace микроавтобусының екі бірлігін сыйға тартты. «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 5 автокөлік табыстады «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 5 автокөлік табыстады Токиодағы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Ұлттық Олимпиадалық комитетке 5 автокөлік табыстады. Тойота Мотор Казахстан передала 6 переоборудованных микроавтобусов под нужды паралимпийских спортсменов Тойота Мотор Казахстан передала 6 переоборудованных микроавтобусов под нужды паралимпийских спортсменов Компания «Тойота Мотор Казахстан» передала Национальному Паралимпийскому Комитету Республики Казахстан шесть переоборудованных микроавтобусов Hiace под нужды паралимпийских спортсменов. Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.
Toyota мен ҰОК қысқы Олимпиада 2018 шарасына 100 күн қалғандығын атап өтті Toyota мен ҰОК қысқы Олимпиада 2018 шарасына 100 күн қалғандығын атап өтті Toyota мен ҰОК Алау Мұз сарайында жаппай коньки теуіп, мерекелеу арқылы 2018 жылы Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада Ойындарының басталуына дейін кері санауды бастады. 20/10/2017 Toyota мен Ұлттық Олимпиада Комитеті 20/10/2017 Toyota мен Ұлттық Олимпиада Комитеті Қазақстанда Toyota мен ҰОК қазақстандықтардың спорттық рухын нығайтып, олимпиадалық құндылықтарды насихаттау мақсатында бірге жұмыс істейтін болады. 05/10/2017 Тойота Мотор Қазақстан мен ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті әріптестік туралы келісімге қол қойды 05/10/2017 Тойота Мотор Қазақстан мен ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті әріптестік туралы келісімге қол қойды Toyota ҰПК-пен әріптестікте Қазақстанда паралимпиадалық спортты насихаттайтын болады. Start Your Impossible жаһандық кампаниясы Start Your Impossible жаһандық кампаниясы Toyota Start Your Impossible жаһандық кампаниясын іске қосады