Алматыда «Бұл күте тұрады» әлеуметтік эксперименті өтті

Алматы қаласы әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы автокөлік тізгінінде ұялы телефон пайдалану қаупіне арналған «Бұл күте тұрады» атты шара өткізді. Алматы қалалық Әкімшілік Полиция басқармасы жергілікті рейд шараларын өткізу қорытындысы бойынша автокөлік иелерінің үш күн ішінде бұзатын ТОП-5 жол қозғалысы ережесін анықтады.

/

Осылайша, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезеңде маневр жасау ережелерін бұзудың 401 дерегі тіркелген, оның ішінде 222 оқиға автокөлік тізгінінде ұялы телефон пайдалануға қатысты. Қалалық автодромда қоғамдық пікір лидерлері арасында тест-драйв өтті, олар автокөлікті тізгіндей отырып, жол кедергілерінен өту кезінде телефонды пайдаланып көрді.

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы жетекшісінің орынбасары Ернұр Әбжахан:

«Біз бірнеше күн ішінде анықтаған ережебұзушылық көрсеткіштері көлік құралын тізгіндеу кезінде телефонды пайдалану проблемасы аса маңызды және оған тиісті түрде мән берілмей отырғанын көрсетеді. Менің ойымша, бұл қаншалықты өзекті және қауіпті екенін көрсету өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Алматы алғашқылардың бірі болып Vision Zero Almaty – қала жолдарындағы нөлдік өлім-жітім жоспарын әзірледі. Біз 1997 жылы Швецияда пайда болған Vision Zero халықаралық жол қауіпсіздігі тұжырымдамасына қосылып, 2019 жылдан бастап оны іске асыруға кірістік.

Жоспарды жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибені пайдалануға және серіктес ретінде халықаралық компанияларды тартуға ниеттіміз. Біз Toyota сияқты жаһандық компания осы бастаманы қолдағанына, оны маңызды деп санағанына және оны іске асыруға қосылатынына қуаныштымыз...»

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс:

«Компаниямыз жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселесіне әрдайым белсенді қатысып келеді. Қазіргі уақытта біз серіктестерімізбен, дилерлермен бірлесе отырып, бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін оқыту бойынша Toyota Kids' Road Safety («Балалардың жолдағы қауіпсіздігі») ірі әлеуметтік жобасын қолға алып, кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса назар аудардық. Бұл жобаның ерекшелігі – біз әзірлеген «Супержаяу жүргіншілердің оқиғалары» атты арнайы үстел ойыны болды, балалар ережелерді ойын арқылы оп-оңай меңгеріп алды.

Бүгін біз жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тағы бір жобаның қатысушысы болдық. «Бұл күте тұрады» әлеуметтік экспериментін іске асырудың серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Автокөлік компаниясы бола отырып, біз барлық автокөлік иесін өзінің және басқалардың өміріне жауапкершілікті естен шығармауға және тізгінде ұялы құрылғыларды пайдаланбауға шақырамыз. Әрқашан есте сақтаңыз – Бұл күте тұрады!»

/

• 2019 жылдың наурызында таныстырылған Vision Zero Almaty тұжырымдамасы 6 тараудан тұрады:
1) Көше мен жол жағдайының дизайны;
2) Жаяу жүргіншілерді қорғау;
3) Көлік жүйесін зияткерлік басқару;
4) Халықаралық тәжірибе енгізу;
5) Қоғамдық көлік;
6) Ұйымдастыру шаралары.

/
/

Қарай отырыңыз

Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Toyota мен Lexus дилерлік орталықтар қызметкерлерінің кәсіби шеберлік конкурс мәресі 19 қыркүйекте өтті. Қазақстан мен Қырғызстан мамандар шеберлігін өсіруге ынталандырып, компания осы конкурсты үш жыл қатар өткізуде. Жүлделі орындарға жарыс «Тойота Мотор Қазақстан-ның» оқу орталығында басталды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі. 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді.
Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Салондық сүзгілер Салондық сүзгілер Әр сапарда таза әрі балғын ауамен тыныстаңыз. Тoyota-ның салондық сүзгілері зиянды қоспаларды ұстап қалады да, салонға тек таза, балғын және дем алуға зиянсыз ауаны ғана өткізеді.