Қазақстандық Toyota дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды

Toyota Motor Europe жыл сайын ұйымдастыратын Ichiban сыйлығы бір жыл бойы клиенттер қанағаттануы үшін ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға қажырлы еңбек еткен брендтің үздік дилерлеріне табыс етіледі. Жыл сайын Еуропа елдерінен, Ресейден, Қазақстаннан және Қырғыз Республикасынан 2500-ден астам дилер Ichiban тізімінде ену үшін жарысады.

Бірақ 45 жеңімпаздың қатарына ену оңай емес. Ол үшін «Клиент бірінші орында» қағидатын шынайы ұстану және тұрақты түрде қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажет. «Бірінші нөмір, бірінші» — «Ичибан» сөзінің мағынасы да осындай.

Биыл сыйлық табыстау рәсімі Францияда әсем Женева көлінің жағасында өтті. Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен әрі өз қалаларында үздік болған Toyota дилерлерін Эвиан курорты маусым айының басында қабылдады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы атынан сатылымдарда да, сатудан кейінгі қызмет көрсету процесінде де зор табыстарға жеткен Астана Тойота Сити дилері барды. Бұл астаналық жас дилердің бірінші жеңісі болды, бұл жеңіс — клиенттерге деген қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Марапаттау рәсімінде Toyota Motor Europe президенті әрі бас директоры — доктор Йохан ван Зил клиенттің үні мен әрқайсына жеке қызмет көрсетуді қалыптастырудың маңызын атап өтті: «Клиент әрқашан негізгі бизнес-шешімдердің ортасында болады. Бүгін осында жиналғандардың бәрі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру — біздің қызметіміздің ең басты аспекті екенін көрсетті...», — деп тағы бір рет атап өтті ол.

Құрметті қонақ — оңтүстікафрикалық паралимпиадашы және Toyota техникалық маманы Тайрон Пиллэй де Эвианға баруға уақыт тауыпты. Ол Токиодағы жаттығулар мен Оңтүстік Африкадағы жұмыс арасындағы үзіліс уақытында келді. Тайрон қысқа, бірақ маңызды мәлімдеме жасады: «Еуропаның клиенттерге қызмет көрсету саласындағы алтын медалисі — сіздер. Сіздер үздіксіздер...», - деді ол.

/

Беделді Ichiban сыйлығы жыл сайын түрлі елден келген Toyota дилерлерін өз шеберліктерін шыңдап, үздік нәтижелерге ұмтылуға ынталандыратынын айта кетейік. Ол компания клиенттерінің мүдделеріне барынша назар аударуға және жаңа биіктерге жетуге шақырады.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс былай деді: «Біз Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы клиенттеріміздің Toyota брендіне сенім артуын бағалаймыз. Біз үшін клиент әрқашан бірінші орында. Біз Toyota Motor Corporation компаниясының жаһандық көзқарасының ажырамас бөлігі саналатын қағиданы ұстануды тоқтатпаймыз. Біз бірінші орында болуға тырысамыз — клиенттердің қанағаттануын арттыру үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Сондықтан біздің әрекеттеріміз әрқашан олардың қалауы мен қажеттіліктеріне негізделген. Кайдзен философиясынан кейін біз дилер желісі ішіндегі ең жақсы қызметпен қатар ең жақсы өнімді ұсыну үшін үнемі жетіліп отырамыз. Астана Тойота Сити дилері ауқымды жұмыс атқарды және жақсы нәтижелер көрсетті. Жеңімпазды құттықтаймын!

Бірақ жарыс жалғасады, ал дұрыс бәсеке — мықты әрі еркін жүйенің ажырамас бөлігі. Ол жетілуге мүмкіндік береді, сондықтан біздің дилерлер бұл жетістікпен тоқтап қалмайды. Олар дамуын жалғастырып, көрсететін қызмет сапасын арттыра береді...»

Сондай-ақ, қараңыз

«Toyota жасыл айы»: «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері Алматыда 40 ағаш отырғызды «Toyota жасыл айы»: «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері Алматыда 40 ағаш отырғызды «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Алматыдағы Toyota және Lexus дилерлерімен және бренд серіктестерімен бірге Алматы қаласының Алатау ауданында 40 ағаш отырғызды. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды.
Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады. Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады.