Клиентке қарай қадам: Toyota ресми сервис құндылықтары

 

Клиент бірінші орында — компания қызметінің барлық түрі мен процесін біріктіретін негізгі ұстаным осы. Toyota өз клиенттерінің қауіпсіздігін, ыңғайын және барынша қанағаттануын қадағалайды — бұл мақсатқа жетуге бірыңғай сапа стандарты көмектеседі.

Бұл стандарт барлық елдегі өндіріс пен өкілдікке міндеттелген, процестерді стандарттау — қалтқысыз шарт. Біз сіздерге және автокөліктеріңізге деген қамқорлықтың белгісіндей болған Toyota ресми сервисін толыққанды бренд деп мақтанышпен ұсынамыз.

Ашықтық

Мәліметтің шынайылығы

Клиенттер қызмет көрсету уақыты туралы әрдайым нақты әрі шынайы мәлімет алады. Қосымша жұмыс қажет болса немесе келісілген жұмысты қандай да бір себеппен айтылған уақытында орындау мүмкін болмаса, клиентке бұл туралы ертерек хабар беріледі.
Сенім

Клиенттердің бізге деген сенімі мен құрметі мына екі фактордан шығады: шынайы мәлімет және сапалы қызмет. Toyota мамандары клиент күтетін нәтижесін дұрыс орындау үшін оны аса мұқият тыңдай отырып, әр жағдайдың тиімді шешімін табады.

Жайлы

Ыңғайлы

Негізгі ұстанымды сақтау клиентке кез келген жағдайда ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ыңғайлы деп өнімдер мен қызметтің болуын, қызметкерлердің кәсібилігі мен мейірбандығын, брендтің ресми сервис станциясындағы жағымды атмосферасын айтып отырмыз.

Тиімділік

Тиімді техникалық қызмет компанияның халықаралық жоғары стандартына әрдайым сай. Басты мақсат — клиентке автокөлікті жедел әрі мейлінше жағдайы жақсы қалпында қайтару.

Құндылық

Сұранысқа сай болу

Мамандар әр клиентке нақты өз автокөлігіне қажет деген техникалық қызмет ұсынады. Моделі, мерзімі және пайдалану жағдаяттары есепке алынады — мұның бәрі де маңызды фактор.
Ұзақмерзімді құндылық
Клиенттердің инвестициясы сенімді қорғалған, өйткені Toyota автокөліктеріне тәжірибелі мамандардың қызмет көрсетуі марка модельдерінің жоғары қалдық құнын қамтамасыз етеді.

САПА

Кепіл берілген нәтиже

Toyota автокөліктерін оны жасаушылардан артық ешкім білмейді, компанияның ресми сервисінде жұмыс істейтін кәсіби механиктерден артық ешкім де жоғары қызмет сапасын ұсына алмайды. Мамандар көпсатылы оқудан өтіп, шеберлігін шыңдай отырып, кәсібилігін арттырады.
Toyota түпнұсқа бөлшектері

Түпнұсқа қосалқы бөлшектер марка модельдеріне арнайы жасалған, олар көп сынақтан өтеді, қатаң сапа стандартына сай келеді және автокөліктің ұзаққа жарамды болуын қамтамасыз етеді.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты.