1. Disclaimer
Байланысу
Байланысу

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА, ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

 

1.     Дербес деректер субъектісі: Интернет желісінде осы сайтқа жүгінген және Операторға, төменде көрсетілгендей, өз дербес деректерін ұсынған тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы»).

2.      Дербес деректерді өңдеу операторы: «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС, БСН 080540011314 (бұдан әрі – «Оператор»).

3.     Үшінші тұлғалар – субъект, меншік иесі және (немесе) Оператор болып саналмайтын, бірақ онымен дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты тұлғалар, солардың ішінде шет мемлекеттердің аумағындағы тұлғалар:

·       Тойота/Лексус өкілетті дилерлері және/немесе өкілетті сервис орталықтары,

·       «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан МҚҰ» ЖШС,

·       «Тойота Иншуранс Менеджмент (сақтандыру брокерлері)» ЖШС,

·       Тойота Мотор Еуроп HB/CA (Бельгия),

·       Тойота Мотор Корпорейшн (Жапония),

·       Операторға осы сайтты қолдау қызметін көрсететін жеткізушілер, деректерді талдау және нарықты зерттеу жөніндегі жеткізушілер.
Оператор кез келген жеке ақпаратты өңдеген кезде, дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескереді.

4.     Дербес деректерді өңдеу мақсаты: Пайдаланушының іс-шараларға, соның ішінде іс-шара қатысушысы ретінде қатысуын ұйымдастыру; Пайдаланушыға ақпаратты, соның ішінде жарнама сипатындағы ақпаратты, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелместен, арнайы ұсыныстардың болуы, іс-шаралар өткізу, Toyota/Lexus өніміне қатысты акциялар, таныстырылымдар туралы ақпаратты беру; Өкілетті дилерлер және/немесе өкілетті сервис орталықтары ұсынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын әрі қарай жақсарту мақсатында тұтынушылардан сауалнама алу; заң актілерінің, нормативтік құжаттардың, өндіруші құжаттарының талаптарын орындау. Оператор не болмаса ҚР заңнамасына сәйкес тартылған өзге үшінші тұлғалар аталмыш әрекеттерді e-mail, sms-хабарламалар, пошталық жіберілім, телефонмен қоңырау шалу, кез келген өзге байланыс құралдары арқылы жасауы мүмкін.

5.     Дербес деректер тізімі: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, жасы, байланыс телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (e-mail), қызмет аясы, лауазымы (қызмет түрі), Пайдаланушының осы Келісімде көрсетілген мақсаттарда ұсынған өзге деректері.

6.     Дербес деректермен жасалатын әрекеттер тізімі (дербес деректерді өңдеу): Оператор дербес деректердің өңдеуін жүзеге асырады – дербес деректерді Заңға сәйкес жинайды, жазады, жүйелейді, жинақтайды, пайдаланады, сақтайды, нақтылайды (жаңартады, өзгертеді), шығарып алады, жібереді (таратады, береді, қол жеткізеді), иесіздендіреді, бұғаттайды, кетіреді, жояды, сондай-ақ көпшілікке қолжетімді дереккөздерде таратады. Оператор дербес деректердің автоматтандырылған өңдеуі мен автоматтандырылмаған өңдеуін жүзеге асырады.

7.     Дербес деректерді сақтау мерзімі, сондай-ақ Келісімнің қолданылу мерзімі – 10 жыл.

8.     Келісімді қайтарып алу: Пайдаланушы Келісімді жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде не болмаса ҚР заңнамасына қайшы келмейтін қорғаныш әрекеттерінің элементтері пайдаланылатын өзге тәсілмен қайтарып алуы мүмкін.

9.     Оператор Пайдаланушының келісімінсіз және оған хабарламай, дербес деректерді өңдеуге тартылатын тұлғалардың тізімін өзгертуге құқылы.

Осы арқылы мен жоғарыда көрсетілген дербес деректерімді осы келісімде көрсетілген шарттармен жинауға және өңдеуге, соның ішінде Оператордың дербес деректерді көпшілікке қолжетімді дереккөздерде орналастыру, үшінші тұлғаларға жіберу, соның ішінде трансшекаралық жіберу құқығына келісім беретінімді растаймын.