Көлік құралын (КК) кепілдіктен қалай шығаруға болады?

1) Автокөлік сатып алған дилер орталығынан Кепілдікті тоқтату туралы хат (Хат) дайын болған-болмағанын нақтылаңыз.

2) Хатты алыңыз. Ол КК иесінен берілген сенімхат болғанда үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін — сенімхатты нотариус куәландыруы міндетті емес (сенімхат үлгісін жүктеу). Хат жеке куәліктің түпнұсқасы болғанда ғана беріледі.

3) Кепілдік қойылған орны бойынша Жол полициясы басқармасына (ЖПБ) жүгініңіз.

3.1) Құжаттарды тапсырғанға дейін 1 АЕК көлемінде мемлекеттік бажын төлеу қажет (2021 жылы 1 АЕК = 2 917₸). Төлемді ЖПБ-да орналасқан банктер мен Қазпошта кассаларында немесе онлайн жасауға болады. Төлеу кезінде 105429 төлем мақсатының кодын — жергілікті бюджетке есептелетін тіркеу алымын көрсету қажет.

3.2) Қажет құжаттар:

• Хат;
• КК техпаспорты;
• Жеке куәлік;
• Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

3.3) Осы аталған құжаттарды ЖПБ жауапты қызметкеріне өткізіңіз. Маңызды — КК иесі ғана кепілдіктен шығара алады.

4) Кепілдіктен шығару 2 жұмыс күні бойында автоматты түрде жүзеге асады.