Заңды тұлғаларға арналған Стандарт бағдарламасы

Несиелік бағдарламалар

Жаңа Toyota автокөлігін сатып алуды кейінге қалдырмаңыз — рәсімдеуі ыңғайлы әрі қарапайым Стандарт несие бағдарламасын қолданыңыз.

icon imgОҢАЙ
icon imgЫҢҒАЙЛЫ
icon imgҚОЛЖЕТІМДІ

Шарттар

Жаңа автокөліктер алу үшін заңды тұлғаларға арналған Стандарт бағдарламасы Toyota құзырлы серіктестері мен ресми дилерлері ҚР аумағында сататын автокөліктерге жарамды.

Бастапқы жарна мен сыйақы мөлшерлемелері

Бастапқы жарна жылдық % *
40%-дан бастап 21
20%-дан 39.9%-ға дейін 22

*ЖТСМ — 24%-дан. ЖТСМ нақты есебі заем алу сәтінде жүргізіледі.

• Несиелеу мерзімі: 12-84 ай.
• Валюта — теңге.
• Өтеу әдісі — аннуитет немесе дифференциалданған.
• Сатып алынған автокөлікке кепіл келісімшартын толтыру — міндетті.

Өтінім беруге қажет құжаттар

Заңды тұлғаларға қажет құжаттар тізімі
Өтінімді қарастыруға ұсынылатын құжаттар

1) Құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттар:
• Барлық өзгерісі мен қосымшасы бар жарғы;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы шешім.

2) Жеке куәлік:
• Құрушылардың;
• Директордың.

3) Қызмет көрсететін банктерден ағымдағы шоттар бойынша орташа айлық айналымдар туралы анықтамалар.
4) Қаржы есебі (салық және басқару) — менеджер e-mail арқылы жіберуді сұрайды.
5) Дилер орталығында толтырылатын құжаттар:

• Өтініш анкетасы;
• Несие тарихы субъектісінің несие есебін алушыға несие есебін беруге және ол туралы деректерді несие бюросына ұсынуға келісім беру;
• «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-нан зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алуға келісім беру / бас тарту»
• Дербес деректер субъектісінің (субъектілерінің) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі.

Өтінішті мақұлдаған жағдайда ұсынылатын қосымша құжаттар

— Шешімді заңды тұлға қабылдағаны туралы, оның ішінде қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізген кезді де растайтын құжаттар:

• Қаржы құралын тарту туралы;
• Қажетті келісімшарттар жасасу үшін белгілі бір адамға өкілеттік беру туралы;
• Өзге де шешімдер қабылданғанын растайтын құжаттар (қажет болған кезде).

Маңызды: бұл тізім өтінішіңізді қарастыруға қажетті ең минималды құжаттар тізімі. Қаржы-шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу үшін тағы басқа қажетті құжаттар мен анықтамалар талап етілуі мүмкін.

Сақтандыру

• Автокөлік белгілі бір сақтандыру компаниясында КАСКО бағдарламасымен сақтандырылған болуы керек.
• КАСКО полисі құнын (барлық заем алушыға міндетті) заем сомасына қосуға болады.
• АҚЖМС (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) полисінің құнын заем сомасына қосуға болады.

Мерзімінен бұрын өтеу

• Мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) — шектеусіз.