1. Safety section
Байланысу

TOYOTA ҚАУІПСІЗДІГІ

Күтпеген келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Toyota автокөліктерінің барлығы белсенді қауіпсіздіктің сенімді жүйелерімен жабдықталған.

  • Тежелудің жоғары сипаттамалары

    Алдыңғы және артқы дөңгелектердегі дискілік тежегіштер (алдыңғы тежегіштер желдетіледі) ABS, EBD және BA жүйелерімен бірге тежелудің өзгеріссіз жоғары сипаттамалары мен жолдағы сенімділікті қамтамасыз етеді.


  • ABS және EBD. Осы екі жүйенің үйлесімі дөңгелектердің бұғатталуын болдырмауға көмектесіп, тежелу (толық тоқтағанға дейін) барысында кедергілерді сенімді еңсеруге мүмкіндік береді.

  • ABS және EBD

    Тежегіштен түсетін күшті үлестірудің электронды жүйесіне (EBD) ие тежегіштердің бұғаттауға қарсы жүйесі (ABS) барлық жиынтық түрлері үшін стандартты элемент болып табылады. Жолмен ілінісуді жоғары деңгейде сақтау үшін электронды жабдықтардың көмегімен тежеу күшін төрт дөңгелек арасында барынша үлестіру арқылы ABS, кенет тежелгенде немесе тайғақ жолда тежелу барысында автокөліктің басқарылуын сақтауға көмектеседі. Оны жүктемедегі айырмашылықты алдыңғы және артқы осьпен толтыру арқылы теңгеріп, тежегіштен түсетін күшті алдыңғы және артқы, оң және сол жақтағы дөңгелектер арасында үлестіруді оңтайландыратын EBD жүйесі толықтырады.


  • VSC және TRC жүйелері. Бұл екі электронды жүйе дөңгелектің жолмен ілінісуін сақтауға көмектеседі, демек автокөліктің басқарылуын жол жабынының жағдайына байланыссыз, кез келген жағдайда бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Шұғыл тежелуді күшейткіш (ВА)

Шұғыл тежелуді күшейткіш (ВА) – шұғыл тежелу (жүргізуші тежегіш педалін кенет, бірақ жеткілікті дәрежеде қатты баспаған жағдайда) барысында тежелуден түскен күшті автоматты түрде арттыратын барлық жиынтық түрлеріне арналған стандартты элемент. Жүйе педальдің қаншалықты тез және қандай күшпен басылғанын өлшеп, қажет болған жағдайда тежелу күшін бірден арттырады.

Бағыттық тұрақтылық жүйесі (VSC)

VSC жүйесі бұрылыстан өту барысында жылдамдық тым жоғары болғанда немесе шиналар тайғақ жолмен дұрыс ілініспеген кезде сырғу анықталғанда автоматты түрде іске қосылады. Белгілі бір дөңгелекті тежеу арқылы, ол шиналардың жолмен ілінісуін қалпына келтіріп, жүргізушінің траекторияны тұрақтандыруына көмек береді.

Бос айналуға қарсы жүйе (TRC)

TRC жүйесі акселератор педалін кенет басқан кезде негізгі дөңгелектердің босқа айналғанын анықтайды, ол қозғалтқыштың айналу сәтін автоматты түрде төмендетіп, шиналардың жолмен ілінісуінің қалпына келуіне жәрдем береді.