Ұсыныс сұрату
Автокөлігіңізді бағалаңыз
Дилерлердің байланыс нөмірі
Прайс-парақтар мен брошюралар
Өз Тойотаңызды жасаңыз
Моя Toyota
Toyota Easy – Toyota автокөлігін алудың жеңіл жолы
Toyota Easy

Toyota Easy – Toyota автокөлігін алудың жеңіл жолы

Toyota қаржыландырудың жаңа Toyota Easy бағдарламасын іске қосты. Toyota Easy арқылы кез келген комплектациядағы су жаңа автокөлікті 70% төлемін 2-3 жылға кейінге шегеріп сатып ала аласыз.

Бұл қалай жұмыс істейді?


Toyota Easy 3 төлемнен тұрады: Бастапқы жарна, ай сайынғы төмен төлем және кейінге қалдырылған төлем.
Toyota Easy бағдарламасын таңдағанда 20% бастапқы жарнамен сіздің кейінге қалдырылатын төлеміңіз автокөлік құнының 70%-на тең болуы мүмкін. Бұл ретте ай сайынғы төлем 24 немесе 36 ай мерзіммен небәрі 10%-ды құруы мүмкін.

Toyota Easy бағдарламасы бойынша автокөлік сатып алудың 4 қарапайым қадамы:

/
1. Кез келген Toyota автокөлігін таңдаңыз
/
2. Бастапқы жарнаны анықтаңыз: 20%-дан 50%-ға дейін
/
3. Кейінге қалдырылған төлемді анықтаңыз: 30%-дан 70%-ға дейін
/
4. Төмен төлемдерді 24-36 ай бойы төлеп, су жаңа автокөлік иесі атаныңыз

Әрі қарай не болады?
Кредитіңіздің мерзімі аяқталған бетте, өзіңіз үшін ең жақсы сценарийді таңдай аласыз:

/

1) Trade-In

Сіз Toyota дилерлік орталығына қайтып келіп, су жаңа автокөлікпен кетесіз.
Мамандарымыз автокөлігіңіздің құнын есептеп береді, алынған соманы сіз кейінге қалдырылған төлемдерді жабу үшін пайдалана аласыз. Ақша қалдығы жаңа автокөлік үшін сіздің бастапқы жарнаңыз бола алады.

2) Автокөлік құнын төлеп алу

Сондай-ақ кез келген уақытта сіз кейінге қалдырылған төлемді мерзімінде төлеп, ұнатқан автокөлігіңізді қалдыра аласыз.

/
/

3) Кредит мерзімін ұзарту

Кейінге қалдырылған төлемді уақытында төлей алмаған жағдайда, біз кредит мерзімін ұзартуға немесе қарыз құрылымын қайта қарауға дайынбыз.

Toyota Easy бағдарламасының негізгі артықшылығы:

/
• Бағдарлама барлық Toyota модельдеріне қолданылады
/
• Кейінге қалдырылған төлем 70%-ға дейін және ең төмен ай сайынғы төлемдер Жеке төлем төлеу кестесін құрғанда төлем мерзімі 3 жылға дейін ай сайынғы төлемнің ең төменгі сомасын таңдай аласыз.
/
• КАСКО сақтандыруы
/
• Әр 2-3 жылда жаңа автокөлік Төлем мерзімінің соңында сіз әр уақытта Trade-In қызметін таңдап, сондай тиімді шарттарда автокөлігіңізді су жаңа модельге айырбастай аласыз.

Кез келген Toyota автокөлігін жаңа Toyota Easy бағдарламасымен тиімді әрі оңай сатып алыңыз. Toyota ресми дилерлік орталығында толық кеңес алыңыз.
Toyota Easy – автокөлікті таңдауда мобильділікті бағалайтындар үшін керемет шешім. Автокөлік сатып алғанда бағдарламаны пайдалана отырып, сіз икемді болашақты таңдайсыз.

*Ұсынылатын тиімділік туралы кез келген мәліметті қоса алғанда, бұл ұсыныстар ақпараттық сипатта ғана берілген, оферта, соның ішінде жария оферта болып табылмайды, бәрін қамтитын ақпарат болып табылмайды және акцияның, сондай-ақ осы акция шеңберінде жасалатын қандай да бір шарттың барлық елеулі талаптарын қамтымайды. Бағдарлама шеңберінде автокөлікті сатып алу Дилермен жасалатын жеке сату-сатып алу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Акцияларға қатысатын автокөліктер саны шектеулі. Акциялардың өткізілу тәртібі мен талаптары туралы толық мәліметті Toyota ресми дилерлерінен анықтап біліңіз.

Ұқсас ұсыныстар