1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. C-HR release
Байланысу

СУДАЙ ЖАҢА TOYOTA C-HR ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

Өз бойына үйлеспейтінді үйлестірген автокөлік.

Жаңа Toyota C-HR – Coupe High-Rider жаңа үлгісі ерекшелену үшін жасалған. Жеңіл автокөлік сияқты басқарылатын және өзін мегаполисте керемет сезінетін толық жетекті купе іспетті кроссовер. Асфальттан тыс шығудан қорықпайтын қала тұрғыны. Экстерьер эмоцияға әсер етеді, ал крафттық интерьер орташа көлемді кроссоверлер сегментін жаңа деңгейге көтереді. Бұлай болуы мүмкін бе? Мүмкін, егер бұл таптаурындарды бұзып, кроссоверлер сегментіне жаңа стандарттар енгізетін жарқын, стильді, ақылды, нағыз патимейкер – C-HR болса. Сен C-HR берген крашты байқадың ба?

ҚҰРЫЛЫМЫ

Бес орындық Toyota C-HR жаһандық TNGA құрылымынң GA-C платформасында жасалған, бұл дегеніміз, төменгі ауырлық ортасы, алдыңғы және артқы тәуелсіз аспалардың жайлылығы және ұшталған басқарылу. C-HR жобасының бас инженері Хироюки Коба сериялық автокөлікте жақсы іске асқан " Жылдам жауап, тікелей әрекеттестік және тұрақтылық" деген философиясынан ауытқыған жоқ. Тәптіштеп түсіндіріп көрейік. Жылдам жауап автокөліктің жүргізушінің командасын жылдам орындау қабілетін білдіреді. Тікелей әрекеттестік – автокөліктің барлық әрекеттерді рет-ретімен және жүргізушінің командасына толықтай сәйкестікте орындау қабілеті. Тұрақтылық – бұл қозғалыстың жылдамдығы мен қоршаған ортаға еш байланыссыз автокөлік реакциясының болжамдығы.

ДИЗАЙН

Саған қаланың кілті керек пе? Онда таңдан, габариттік өлшемі (ұзындығы – 4300, ені – 1795, биіктігі – 1565 мм) бірегей лигада ойнайды. Онда C-HR толық өлшемді отбасылық кроссоверді ойнау үшін ондай үлкен емес, бірақ компакт-сегменттің тарлығынан ада кең автокөлік болып табылады. 160 мм-ге тең қомақты жол саңылауы "бордюрлік" қорқыныштардың барлығынан арылтады. Sensual Speed-Cross дизайн-концепциясы автокөлік тұрақта тұрғанда да, қозғалыс әсерін сыйлайды. Бірегей қаптамадағы экспрессивті батыл дизайн – бұл қазіргі тілмен айтқанда, "жарамды контент".

Шанақтың футуристік пішіндері, контурлы дизайн, көп қырлы беттер, кырлы гауһар ... Көптеген эпитеттер келтіруге болады, бірақ оған көз салса болды, барлығы да белгілі болады – қарсы алдыңда тұрған дербестікті бағалайтын жандарға, креативті ойлайтын аудиторияға арналған өнім. Бір мезетте шанақтың аралас бояуының, алдыңғы LED-оптиканың драмалық пішінінің, артқы есіктерінің жасырын тұтқаларының, төбесінің көлбеу сызықтарының, агрессивті артқы спойлерінің ерекше көз тартатынын түсінесің. Бұрылып қарауға мәжбүр ететін автокөліктер болады. Toyota C-HR – дәл сондай көлік.

ТЕХНИКА

"Үлкен баланың" сипаттамаларына ие шағын көлемді мотор ма? Бұл концептуалды көрініс емес, бұл шындық. Тікелей бүріккіші бар 1,2 литрлік турбомотор 1500 айн/мин-та қолжетімді болатын 115 күш пен 185 Нм айналу сәтін береді және осы жоғарғы деңгейді иінді біліктің төрт мың айналымына дейін сақтап тұрады. Ең жоғарғы жылдамдығы 180 км/сағ.

Toyota C-HR-дің аудиториясы ат күшіне сенбейді, олар автокөлікті қозғалысқа келтіретін айналу сәті екеніне сенеді. Турбомоторлар әлеміндегі даунсайзинг-тренд – бұл үнемділік және төменгі айналымдардан-ақ жоғарғы қуат берілісіндегі салықтың төменгі бағасы. Жаңа смарт-мотор үйлеспейтін үнемділік пен ең жоғарғы қарқындылық және күшті сипаттамаларды үйлестіре отырып, Отто циклынан Аткинсон циклына ауыстырудың озық технологиясымен жабдықталған. Йә, айтпақшы, C-HR-ді тізгіндесең, жанармай құю бекеттерінің сирек қонағы боласың, бұған қозғалыстың аралас циклінде 100 шақырымға 6,6 литр жұмсауы себеп болады.

Біз Қазақстанда тұрамыз, біз мұнда толық жетекті жақсы көреміз. Ал жаңа көлік тек толық жетекті орындауда ғана қолжетімді. Таңдаулы толық жетекті орындауда. Алдыңғы және артқы осьтер арасында тартым күшін үлестіру электромагнитті жалғастырғышпен толық бақыланады. Қозғалыс жағдайына байланысты айналу сәті (алдыңғы/артқы) 100/0-ден 50/50-ге дейінгі ара қатынаста түрленеді. Басқару жүйесіне Cornening Control бұрылыстардан өтуді бақылау алгоритмі қосылған, оның арқасында жүргізуші нақты жол жағдайларына байланысты тартым күшін реттеу арқылы таңдалған жолмен анық жүре алады.

Pre-torque Control айналу сәтін үлестіруді басқару жүйесі жүргізуші рөлді айналдыра бастаған сәттен-ақ тартым күшін алдыңғы және артқы оьтер арасында 90/10 үйлесімінде үлестіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан C-HR тайғақ жерлердегі тұрақтылыққа кепілдік бере отырып, мықтылығымен ерекшеленеді, бұл ретте ол С-класстағы тәртіпті хэтчбектердің деңгейінде басқарылады.

Бұған 160 мм клиренсті қос, сонда жылына 365 күндік белсенді өмір салты – бұл міндетті түрде үлкен кроссовер еместігін түсінесің. Йә, C-HR –қала мен асфальттан тыс аумақ үшін белгілі бір мағынада ақылды әрі озат көліктік шешім .

ИНТЕРЬЕР

Автокөліктің ішіндегі кеңдік таңғалдырады. Алдыңғы панельдің көп қабатты үйлестіру тәсілі, орталық консольдің ассиметриясы, стильді декоративті элементтер мен "рояльдік лактағы" қосымшалар – бұл жүргізушінің айналасында жасалған интерьер дизайнындағы жаңа сөз. Оған саунд-жүйенің 8 дюймдік сенсорлы дисплейі мен мультимедианы қоса алғанда, барлық басқару органдары қарайды. Бұл ретте жетілдірілген бүйірлік тіреуіштері бар спорттық орындықтар отырған адамның денесін тығыз қынайды. Материалдарды мұқият таңдаудың арқасында, салонның әрлеуі тактильді сезімдер ерекше жағымды болатындай етіп жасалған. ...

ЖАБДЫҚТАЛУЫ

C-HR қазіргі заманның, яғни кілтті қалтадан не сөмкеден алудың қажеттігі жоқ заманның белгісі болып табылатын пуш-старт батырмасымен оталады. Екі аймақтық климаттық қондырғы жайлылық пен жолаушылардың дербес аймағын құрметтейді. Toyota Touch, орындықтарды жылытқыш, 17-дюймдік жеңіл балқытылған дөңгелек дискілері, алты қауіпсіздік жастығы .... C-HR-дің толықтырылуы ең талғампаз талаптарды да қанағаттандырады. Егер біз қауіпсіздік жайлы айтар болсақ, мұнда тек деректер ғана шешеді – автокөлік қауіпсіздіктің бес жұлдызына ие болды.

Қазақстандық нарықтың жаңалығы – Toyota C-HR шоу-стоппері тапсырыс беру үшін қолжетімді. Автокөліктерді маусым айының ортасынан бастап алуға болады. Жаздың алғашқы айынан-ақ сенің Toyota дилерлік желісінде жеке фан-драйв өткізіп, C-HR-дің өз бойына үйлеспейтін дүниелерді үйлестіре білген көлік екендігіне көз жеткізе аласың.

Автокөліктің бағасы 9 830 000-нан 10 870 000-ға дейінгі аралықта түрленеді. Баға парақтары мен қолжетімді жиынтық түрлері туралы анағұрлым толық ақпаратты мына жерден алуға болады.

ГАЛЕРЕЯ