1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. RAV4 возвращается! Легендарный кроссовер японской сборки скоро прибудет в Казахстан
Байланысу
Байланысу

RAV4 қайта оралады! Жапонияда құрастырылған жаңартылған кроссовер жуырда Қазақстанға келеді

Toyota Жапониядан RAV4 көліктерін жеткізуді жолға қойды. Жақында қазақстандықтар Жапонияда құрастырылған жаңартылған кроссоверді брендтің ресми дилерлік орталықтарынан қайта көретін болады.

RAV4 Қазақстанда әрдайым танымал болды: 2011 жылдан бері осы үлгідегі 15 мыңнан астам көлік сатылды. 

RAV4 көлігінің қазақстандықтар үшін маңыздылығын түсіне отырып, Toyota бар күшін салып, көлікті қайтарудың үздік логистикалық шешімін барынша тиянақтылықпен әзірледі.

Енді Toyota RAV4 көліктерін Қазақстанға тікелей Жапониядан жеткізетін болады.

Толық жетекті кроссовер сыртқы келбеті және ішкі көрінісі жаңартылған күйде оралады. Жол талғамайтын озық технологиялармен жабдықталған RAV4 көлігі Apple CarPlay® және Android Auto® қолдауы бар 10,5 дюймдік жап-жаңа мультимедия жүйесімен жабдықталған.

Жаңартылған RAV4 қуаты 170 а.к. артқан 2,0 ​​л қозғалтқышқа ие. Сондай-ақ кроссовер жол талғамайтын Multi-terrain Select технологиясымен және Toyota Safety Sense озық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталған.

Сатылым 2022 жылдың аяғында басталады деп күтіледі. Көліктің бағасы мен жинақтамасы туралы толығырақ ақпарат сатылым басталарда қолжетімді болады.

Жаңартылған RAV4 бірегей қызметтермен қамтылған, соның ішінде: 10 жылға дейінгі Toyota Relax кепілдігі, Toyota Financial Services ұсынған несиелік ұсыныстар және мүлдем жаңа қызмет – KINTO көліктерін жалға алудың икемді бағдарламасы.

RAV4 келуі туралы толығырақ ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы ресми Toyota дилеріне хабарласыңыз.