1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Жапонияда құрастырылған жаңартылған RAV4 жақын арада Қазақстанға келеді
Байланысу
Байланысу

Жапонияда құрастырылған жаңартылған RAV4 жақын арада Қазақстанға келеді

2022 жылы желтоқсан айында Қазақстанның және Қырғызстанның нарықтарына Toyota RAV4 бесінші буынының жаңартылған нұсқасы келіп түседі. Автомобиль Жапониядағы зауыттан тікелей жеткізілетін болады.

Күн шығыс елінен шыққан ең танымал кроссовер миллиондаған адамдардың сүйіспеншілігі мен берілгендігін жеңіп алуға мүмкіндік берген өзінің ізашаларының барлық аңызға айналған қасиеттерін сақтап қалды және бірқатар маңызды жаңартуларды алды. Олардың ішінде:

  • жоғарыланған қуаттылығы 170 а.к. тең Dynamic Force 2-литрлік атмосфералық қозғалтқышы.
  • Dynamic Torque Vectoring «ақылды» толық жетегі
  • 10,5-дюймдік дисплейі және Apple CarPlay® мен Android Auto® жаңа буынның мультимедиялық жүйесі.

Заманмен қатар жүру. Сатып алушылардың игілігі үшін

Экстерьердің нүктелі жөнге келтірулері жаңартылған RAV4 автомобилін жаңа қырларымен жарқырауға мәжбүр етті.

Салонда 10,5-дюймдік дисплейі және Apple CarPlay® мен Android Auto® қолдауы бар жаңа буынның жаңа мультимедиялық жүйесі пайда болды. Бұрында модель диагоналі 7 және 8 дюймді сенсорлық дисплейлермен қол жетімді болатын.

Қозғалтқыштар сызығында да өзгерістер орын алды – жаңартылған RAV4 қуаттылығы 170 а.к. тең Dynamic Force 2,0-литрлік бензин қозғалтқышымен жабдықталатын болады.

Басқарушылығын жақсарту мақсатында инженерлер кроссовердің аспасын қайта калибрледі. Ал жолдан тыс жерде кроссовер өзін барынша сезінуі үшін Multi-terrain Select жүйесін ғана емес, сонымен қатар бұрында кроссовердің тек әйгілі нұсқасында ғана қол жетімді болған Dynamic Torque Vectoring «ақылды» толық жетекті ретке келтірді. Бұл сегм еенттегі бірегей болып табылатын, артқы дөңгелектердің әрқайсысында екі бөлек муфтасы бар толық жетекті трансмиссия. Ол айналу моментін барлық осьтерде емес, әр дөңгелекте бөлек реттеуге мүмкіндік береді, бұл автомобильдің жүріс-тұрысын күрделі жағдайларда жақсартады, бұрылыстарды неғұрлым бірқалыпты өтуге, траекторияны ширақ ұстауға және 35º-қа дейін көтерілу ылдилығын жеңілдікпен еңсеруге мүмкіндік береді.

10 миллион – шек емес

Алғашқы RAV4 1994 жылы жарық көрді. Нақты содан бастап тарих ықшам кроссоверлердің пайда болуының санағын жүргізеді. Сондықтан, оны ғаламщардың барлық бұрыштарында соншалықты жақсы көретіні таңқаларлық емес. Кіші габариттері, көтершгіш шанақ, тамаша теңшелген шасси, толық жетек және 2-литрлік мотор – ұтылыссыз формула. Бонус – пайдаланудағы күй талғамаушылық және сенімділік. Барлық осы сипаттамаларын RAV4 міне үшінші он жыл ішінде сақтап отыр.

2018 жылы, модельдің дәл 25-жылдығында Париж автосалонында барлық параметрлері бойынша түбегейлі өзгерген, бірақ бұл ретте өзінің негізгі артықшылықтарын сақтап қалған кроссовердің 5 буыны ұсынылды.

Бүгінгі күнге қарай өз таңдауын RAV4-ке әлемнің 150 еліндегі 10 миллионнан астам сатып алушылар тоқтатты.

Батыл, сенімді, жайлы, ымырасыз

Жаңартылған RAV4-тің батыл динамикалық бейнесінде озық технологиялар, қатыгез мінез және ең өзекті трендтер тығыз қосылды. Ол салынған TNGA® платформасы шанақтың конструкциясын жоғары төзімді болаттарды қолдану арқасында оны айтарлықтай қаттырақ етіп, оны жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар автомобильдің салонына кеңдікті қосуға мүмкіндік берді.

Жүргізушінің жайлы отыруы, тамаша шолу мүмкіндігі, басқару органдарының ойластырылған орналасуы – эргономика әрқашан Toyota автомобильдерінің күшті жағы болатын. Және RAV4-те  ерекшелік емес. Мысалы, рульдік доңғалақты қыздыру немесе мойынның жарақаттану ықтималдығын төмендететін WIL технологиясы бойынша орындалған алдыңғы отырғыштардың конструкциясы сияқты егжей-тегжейлері өз сатып алушыларына қатысты бренд қамы туралы айтады.

USB-жалғағыштар, смартфонға арналған сымсыз зарядтағыш, жүксалғыштағы екі жақты жабын (түк/резеңке) және Follow me home автоматтық сөндіргіші бар басты жарықтандыру жүйесі – кішкентай болса да, маңызды артықшылықтарды жайлылық бағанына қоятын ұсақ-түйектер.

5-ші буыннан бастап, кроссовер Multi-terrain Select жолсыздық бойынша көмек жүйесін де иеленді. Оның Off-Road Rock & Dirt (тастар және балшық), Mud & Sand (балшық және құм), Snow (қар) режимдері бар.

Өз кезегінде Toyota Safety Sense қауіпсіздік жүйелерінің кешеніне радарлық круиз-бақылау, соқтығысудың болдырмау жүйесі, автомобильді алып отырған қозғалыс жолағында ұстау жүйесі, «ақылды» фараларды және жүргізушінің шаршау деңгейін бақылау функциясы кіреді. Белсенді қауіпсіздік жүйелерінің қатарында сондай-ақ еңісті жер бойымен көтерілу (HAC) кезінде және еңісті жерден түсу (DAC) кезінде көмек ретіндегі жүйелер және тіркемені тұрақтандыру жүйесі (TSC) сияқты жүйелер бар.

«Қысқы пакет» - жапондық кроссовердің артықшылықтарының тағы біреуі. Отырғыштарды (алдыңғыларды да, артқыларды да) және рульдік доңғалақты жылыту, маңдайлық әйнекті, сыртқы айналарды және шыны тазартқыштардың бүріккіштерін қыздыру, отырғыштардың екінші қатарына арналған қосымша ауа өткізгіштерді және әйнек жуатын сұйықтықтың төмен деңгейлі индикаторы – автомобиль біздің аймақтың тіпті ең қолайсыз ауа-райы жағдайларына дайын.

Жаңартылған RAV4 шанақтың сырлаудың 8 нұсқасымен қол жетімді: Ақ, Ақ меруерт, Күміс түстес металлик, Хаки, Қара металлик, Көкшіл-көк, Сұр-жасыл, Қара зүбаржат. Дөңгелектердің дискілері – диаметрі 18-ден 19 дюймге дейін – бірегей дизайнмен.

Кепілдік, кредит, жалдау – Toyota-ның бірегей сервистері

Жаңа Toyota RAV4 үшін бренд мамандары әзірлеген Toyota-ның барлық бірегей сервистері қол жетімді болады. Бұл: Toyota Relax теңдессіз кепілдік, Toyota Financial Services-тен кредиттік ұсыныстар және KINTO One ұзақ мерзімді жалдау сервисі.

Toyota Relax – нарықта аналогтары жоқ кепілдік. Ол автомобильдің барлық негізгі тораптары мен элементтеріне таралады. Әрекет ету мерзімі – 10 жылға дейін. Кепілдікті белсендіру шарттары өте қарапайым – ресми дилерден жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден уақытылы өту.

Toyota Financial Services автомобильді сатып алу үшін Toyota Easy тиімді қаржыландыру бағдарламасын ұсынады, автомобильді 2-3 жылға 70% құнын кейіге қалдырып, сатып алуға мүмкіндік береді. Кредиттеу мерзімі – 36 ай. Бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Өтінішті қарау – 1 күн ішінде. Бағдарлама қаржыландыру кезеңінің басында ғана емес, сонымен қатар соңында да икемді және ыңғайлы. Кредит мерзімі аяқталғаннан кейін мәмілені аяқтаудың үш ыңғайлы нұсқаларының біреуін таңдауға болады: автомобильді жаңасына ауыстыру; кредитті ұзарту; автомобильді сатып алу.

KINTO One – бұл ұтқырлық қызметтері нарығындағы мүлдем жаңа өнім. Ол жаңартылған Toyota RAV4-тің нарыққа шығуымен бір уақытта іске қосылған. KINTO One ең жоғары сапалы сервистік қызметтердің толық пакетімен кез келген мақсаттар үшін автомобильді ұзақ мерзімді жалға алуды тұспалдайды. Жылдық жалдау аяқталғаннан кейін автомобильді басымдықпен сатып алу, сонымен қатар жалға алынған автомобильді ұзарту немесе жаңарту мүмкіндігі пайда болады.

Жаңартылған RAV4 бағасы 19 790 000 теңгеден басталады.

Автомобильді сатып алу шарттары бойынша толығырақ кеңесті ең жақын орналасқан  Toyota ресми дилерлік орталығына байланысып алуға болады.