1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Land Cruiser Prado
Байланысу
Байланысу

Toyota Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне үш жол талғамайтын Land Cruiser Prado көлігін табыстады

2022 жылдың 15 тамызында «Тойота Мотор Қазақстан» Қырғызстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) автопаркін үш Land Cruiser Prado көлігімен толықтырды. Дәл осылайша үш Land Cruiser 200, Camry және Hiace көліктері 2018 жылы да табысталған еді. Аталмыш көліктер комитеттің Бішкектегі күнделікті қызметі мен іс-шараларын жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

«Тойота Мотор Қазақстан» мен Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2018 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының Мемлекеттік жастар, дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Серіктестер Қырғызстанда олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету үшін бірлескен жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ Toyota 2024 жылға дейін халықаралық спорт додаларында Қырғызстан олимпиадалық құрамасына қолдау көрсететін болады.

«Тойота Мотор Қазақстан» Сату және маркетинг жөніндегі бас менеджері Сергей Зяблов өзінің және барлық әріптестерінің Қырғыз Республикасының ҰОК-мен ынтымақтастығынан шабыт алатынын атап өтті. «Біз Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтасатынымызға өте қуаныштымыз. Біз үшін спорт тек дене шынықтыру мен жарыс емес, ол — үздіксіз қозғалыс, алға ұмтылыс, діттеген мақсаттарға жету. Біз Қырғызстанның олимпиада спортшыларына қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз, сондықтан, көліктерімізді Ұлттық Олимпиада комитетіне қуана табыстадық. Бұл — біздің Қырғызстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесіміз, осылайша біз спортшыларға демеу беріп, комитетке көмектескіміз келеді», — деп түсіндірді Сергей Зяблов.

ҚР ҰОК Президенті Садыр Мамытов өз кезегінде Зяблов мырзаға алғысын білдіріп, «Тойота Мотор Қазақстан»-мен ынтымақтастық ең жоғары деңгейде өтетінін және Қырғызстанда олимпиадалық қозғалысты және спортты дамытуға және танымал етуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай меморандум Қазақстанның ҰОК-мен жасалған болатын.