1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Қауіпсіздікке қарай
Байланысу
Байланысу

Қауіпсіздікке қарай: Toyota бастауыш сынып оқушыларына арналған ЖЖЕ бойынша ашық сабақтар өткізді

Kids’ Road Safety әлеуметтік жобасының аясында «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы қазақстандық мектеп оқушыларын елдің жолдарында саналы қауіпсіз жүріс-тұрыстың дағдыларына үйретеді.

Бала – бұл жол қозғалысының ең қорғансыз қатысушысы. Көшеде үйден шыға салысымен бірден күрделі қиындықтар мен қауіп-қатерлер күтіп тұратын кішкентай жаяу жүргіншілерді қозғалысқа дұрыс дайындау – тек ата-аналар мен мектептің ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамның міндеті, деп есептейді Toyota компаниясында. Және де балаларды жолдағы дұрыс жүріс-тұрысқа үйретуді ерте жастан бастау маңызды екенін атап көрсетеді.

Нақты осы мақсаттар мен міндеттер міне бірнеше жыл бойы іске асырылып жатқан және Toyota брендінің жаһандық көзқарасының маңызды бөлігі болып табылатын Toyota Kids’ Road Safety бағдарламасының негізінде жатыр.

«Бұл бір реттік науқан емес. Біз ұқсас жобаларды балалардың қауіпсіздігі басымдық маңызға ие болатын әлеуметтік корпоративті жауапкершілік жөніндегі біздің саясатымыздың аясында үнемі іске қосып отырамыз, деп түсінік береді «Тойота Мотор Казахстан» президенті Джон Томсон. 

Осы жылдың қазан-қараша айларында ресми Toyota Дилерлері, сондай-ақ «Тойота Мотор Казахстан» ЖШС-нің дистрибьюторы Қазақстанның 1-5 сынып оқушылары, сондай-ақ Қырғызстанның мектеп оқушылары үшін ЖЖЕ негіздері бойынша қызықты сабақтар өткізді. Одан басқа, Шымкенттегі бала бақшаның және Орал балалар үйінің тәрбиеленушілері маңызды білім мен дағдыларды ала алды.
Педагогтар мен ата-аналарға бүгінгі балабақшалар тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларынан сауатты және тәртіпті жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеуге көмек беруге тартылған Toyota-дан жол сауаттылығы бойынша тренингтер ойын нысанында өтті.

қазақ және орыс тілдеріндегі викториналардың, ребустардың, үстел ойындарының және мини-тесттердің көмегімен балаларды жол белгілерімен таныстырды, олардың мәнін түсіндірді. Жас жаяу жүргіншілер бағдаршам сигналдарын зерттеді, жолдан қалай дұрыс өту керек екенін үйренді. Мектеп оқушыларына жолда қандай қауіпті жағдайлар туындай алатыны және олардан қалай қашқақтауға болатыны, мысалы, велосипедтер мен самокаттарда жүрген кезде қалай көлікті алыстан байқау, оның қозғалыс жылдамдығын бағалау және күнделікті өмірде ЖЖЕ-ден алған білімдерін дұрыс қолдану керек екені туралы айтып берді.
Балалар маңызды білімдерді ғана емес, сонымен қатар пайдалы сыйлықтар – жапсырмалары бар үйретуші бояу кітапшалары мен жарық шағылыстырғыш кепкелер алды.